–1 дауыс
993 көрілді
Елестетiңiз сiз бойдақсыз қарапайым отбасының баласысыз, бiр жанға әжептеуiр ғашықсыз, бiрақ ол жан оқымаған. Үйленгеннен соң отбасының қамы басталады, 2-жылдан соң махаббатта басылады, отбасыны асырау қажет, қәзiргi заманда бiр отбасыны асырау бiр адамға қиынд-ау негiзi, келiншегiңiздi жұмысқа орналастыруға оның бiлiмi дипломы жоқ. Бiр өзiңiз асырауға ары-берi жүгiруге келiсерме едiңiз? Ендi сондай жанға үйленерме едiңiз?

18 жауап

–2 дауыс
 
Жақсы жауап
қазір 21 ғасыр, оқып білім алуға барлық жағдай жасалған,тек адамның өз ынта-жігері болса жеткілікті.Мүмкіндікті пайдаланбай, жастайынан сән қуып, әрбір жігітке қырыңдап жүрген қыздар көп. Оқима оқимай ма әрине әркім өзі шешеді, кейін өкініп отырмаса болды. Білімсіз адамдар оңай елдің арбауына түседі, қоғамнан өз орнын таба алмайды.Адамның бір өміріне 500 000 сағат ғана бөлінген соң, уақытты босқа өткізбей, білім алып, жетістіктерге жеткен жөн деп ойлаймын. Мүмкіндігі бар болса да , оқымаған қыздарды өз басым төмен адамдардың қатарына жатқызам.
" Қазір 21 ғасыр, оқып білім алуға барлық жағдай жасалған,тек адамның өз ынта-жігері болса жеткілікті" дейсіз. Бір есептен бұл да жөн шығар. Мүмкіндігі болған адамның, оқуға ынтасы бар адамның, оқудан басқаны ойламаса да болатын адамның көзімен қарағанда өте дұрыс айтылған. Алайда 21 ғасыр екен деп, барлық адамға бірдей мүмкіндік берілді деген сөз емес. Кейбіреулер үшін ынта-жігер жеткіліксіз. Әр отбасының жағдайы әр түрлі. Әр адамға берілген сынақтар әр түрлі. Сондықтан оқымағаны үшін тек сол адамды ғана кінәлау тым бір жақты пікір ме деп ойлаймын. Өмірде тек оқу ғана шешуші фактор емес, адамның жоғары төмендігін анықтайтын да ол емес. Оқу, білім, ғылымды керексіз деп отырғаным емес. Тек бәрін бір шыбықпен айдамайық дегенім...
Алтынай өсетiн қыз!
Еркін-ау, өзің бір көріпкел бала екенсің ғой!! Анаған да өсесің, мынаған да өсесің))) Айта қойшы, мен өсетін сияқтымын ба, өшетін сияқтымын ба?))))))))))
Өсесiң өсесiң Жәке, бiрақ Orynbasar Алтынай сияқты өсе алмайсың.
)))) Айтқаның келмей қалғыр-ау, мынауың не))
мүмкін сіздің айтқаныңызда дұрыс шығар.
+1 дауыс
ондай жағдай дәл қазіргі таңда бар. Мысалы, менің қаламда 96-97 жылғы қыздар тұрмысқа шығып жатыр. 1 ші курстан шығып жатыр, мамандықтары тігінші, есепші тағы да басқа....Сөздің қысқасы тең-теңімен тезек қабымен!
Бiрақ оқып жатыр ғой.
Оқуын тастағандарда бар. Оқымаған  қызға үйленіп оны оқытуға болады. Жөні түзу адам оқиды ақшадан қиналса бюджетке, тек бұзылып кеткендер оқымайды. Ал жігіттер ондай қыздарға үйленбейді
Бұзылып кеткендер қай мағына да?
ата-анасын тыңдамай ішіп-шегіп кеткендер
Түсiнiктi, рахмет.
ондай емесқой,олар жігіттермен жүреді,сосын жүкті болып қалады,осынын себебінен оқуын зочноға ауыстырады.Жігітімен үйленіп кетеді.
Ондай нұсқасы да бар.
+3 дауыс
Әрине үйленуге болады. Егер баланың өзі қызды оқытып алуға риза болса.
–2 дауыс
Оқымаған болғанда қалай, әріп танымайды ма не? )))
Жоғары бiлiмi жоқ.
+2 дауыс
Қыздар қатты оқып кетсе де күйеуге шыққысы келмей қалады)))
Ааа... Жөн екен))) Атыңыз биология болғанмен затыңыз экономика екен ғой)))
айтпақшы, сіз кіші әріппен жазылатын биология деген кісісіз бе? әлде басқа адамсыз ба?
иа)))))))
Ол кісі емес екеніңізге әбден көзім жетті)))
қай кісі?) тағы басқа биология бар ма не?)
иә)))))))))))))))))))
Дұрыс)))
+1 дауыс
Бәрі оқуға кеп тіреліп тұрған жоқ. Қанша жерден білімді болса да отбасына тұтқа боп, ер адамның тапқанын жөнімен жұмсауды білмейтін қыздар да бар. Бәрін бұйрық біледі.
–1 дауыс
Жалақым асырауға жетеді деп үміттенемін.
Жақпайсың осыларға))) ертең президент болып жатсам жағдайларыңды жасайтын менғо))
0 дауыс
Арамызда махаббат болса, оның оқымағандығына да қарамай үйленемін.
0 дауыс
Егер қыз жақсы қыз болса, ол қызды жақсы көріп тұрсам үйленер едім... Оқыту керек болса сырттай оқулар бар, курстық оқулар бар ақырындап уақыттың ыңғайына қарап оқытып алар едім... солай....
–1 дауыс
Оқыған қыздардан, оқымаған қыздар жақсы. Таңдау жасайтын болсам оқымаған қызды таңдар едім. Еркек өз міндетін білгені жөн. Еркек отбасының асырушысы, әйел үйдің берекесі.
+1 дауыс
Жоғарғы дипломы болмаса етене емес, мектеп бітірген, оқу білетін болса болды егер шын жақсы көрсем. Ер адам өл-тіріл отбасын асырау бірінші соның мінеті, әйел адам ерінің тапқанын дұрыс жұмсай алса болды. Бірақ әдебиет, тарих, биологияны оқы деп айтар едім үйде отырып та. Балаларымды тәрбиелейтін осовной әйел адам ғой, дұрыс тәрбиелеу үшін білімі болу керек, диплом емес. Дипломды оқымай сатып алып жатқандар көп ғой, қағазға қарап қалдық па? Диплом емес, сауатты болса болды общым)
+2 дауыс
Мен адамдарды "оқыған, оқымаған" , "бай, кедей", "әдемі, әдемі емес" деп бөлмеймін. Егер мен сүйетін қыздың жүрегінде иманы болса ешқандай кемшілігіне мән бермей сүйе беремін.
үйленесіңбе?
иә әрине .......
0 дауыс
Оқыған адам білімді болады. Білмді адам болуға мүмкіндігі болмаған адамдар көп. Мен білетін бір қыз бар Әкесі дүниеден ерте өткен соң өз бауырларын бағамын қағамын деп жұмыс істеп, оқудан да тұрмысқа шығудан да бас тартқан. Білімді адамның ақылды болмауы әбден мүмкін. Мұсылман бауырлар білімсіз емес, ақылсыз әйел алудан қорқыңыздар. Білімді болғанымен жегеніңізді желкеңізден шығарып, оқығанын міндет етіп отыратын әйелі бар отбасыда канша ақша тапқанымен береке бола қоймас деп ойлаймын!
+1 дауыс
Салыстырмалы түрде, оқыған адам көп жағдайда өмір сүруге белсенді, қоғамда жақсы әрекет ете алатын болып келеді. Бірақ, егер адам оқымаса, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Адамның ниеті, жеке басының характері, көрген тәрбиесі мен ортасы да үлкен рөл ойнайды. Сондықтан, оқымаған адам деп бөлек көзқарас қалыптастырудан аулақпын. Бәлкім адамның жағдайы болмаған шығар. Ал, оқуды адам-өле өлгенше дейін оқуына ешкім кедергі емес.

Мысалы, біздің елде кәрі адамдар оқығаны көзге оғаш көрінетін шығар, бірақ дамыған елдерде бұл қалыпты жағдай сияқты.
0 дауыс
әрине  оқыған адам болған жақсы ғой. елбасымыздың өзі айтқан;"Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман деп. Қазір білім болмаса өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан тең теңімен, тезек қабымен дегенге қосыламын
...