–1 дауыс
1.3k көрілді
1. Статистика бойынша әйелдер еркектерден әлдеқайда көп өмір сүреді. 2. Еркектер мәселені қыздар секілді жылап шеше салмайды. 3. Жігіттер көп сыйлық алмайды. 4. Қыз жігітті ұратын болса, жігіт ешқашан тап солай жауап қайтара алмайды. 5. Жігіттер миллионер қызға үйлене салмайды. 6. Жігіт қызға қанша түсіндірсе де, оны әйелдер өз тіліне аударып алады. 7. Жігітті асырайтын адам жоқ. 8. Еркектер міндетті түрде ақылды болуы тиіс. Ал әйелдер жоқ.
Сақтағанов?
Сақтағанова?
иә).................
Олар осы жерде жолықты.
Сіз ер азамат болып дүниеге келгенізге өкінесіз бе сонда? Түсінбедім?
Фариза басты қатырма!

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жігіт болып туылу (жаралу) Аллаһтың қалауы, ал жігіт болып қалу әр жігіттің өз еншісінде. Барлық жігіттер жігіт болып қалсын. Қазіргі заманда "жігіт емес жігіттер" көбейіп кетті, сондайлардан Құдай сақтасын. Өзім "нағыз жігіт" болуға тырысып жүрмін. Әлі "нағыз жігіт" ретінде өтелмеген парыздарым мен қарыздарым көп..
0 дауыс
Жігіт болған қиын екен.
0 дауыс
Жігіт болған жақсы! Мен осы уақытқа дейін өкініп келгем неге жігіт болмадым деп......Қыз болғанда оңай емес! Құлақ тесуден бастап балалы болуға дейін қаншама қиындық жатыр. Одан кейінде бала қарау+үй жұмысы+жақындарыңның көңілін табу+жұмыс істеу. Және әркімнің өмірі әр түрлі болады. Біреуі күйеуінен таяқ жесе біреуі керісінше. Жігітті асырайтын адам жоқ? Аллам жігіттерді мықты ал қыздарды нәзік қылып жаратқан емес пе? сіздер біздерден бір саты жоғары тұрасыздар. Жігіттің міндеті ақша тауып үйін асырау ал қыздың міндеті үйдегі тыныштықты сақтау. Дегенмен қазіргі заманда үйінде еркек бала бағып, әйелі жұмыс істейтін отбасылар бар. Көпке топырақ шашпаймын, қазір ақылды жігіттер азайып бара жатыр. Көбісі нашақор, маскүнемдіктің жолында.

"4. Қыз жігітті ұратын болса, жігіт ешқашан тап солай жауап қайтара алмайды."мынау сөзіңізге күлкім келді. Жігіт қызды ұратын шығар мүмкін?)) Қыздардың жынданып ұрғаны сіздерге батады ма? Сонда нәзік болғандарыңыз ба?)) Сөзіңізге қарасам көп жігіт қиналым жүрген секілді...))
Кейбір қыздар кубалдамен ұрады((
спортсменка болмаса кувалданы көтеругеде күш керек))
құлақ тескен ауыртпайды,
Ал бала туса ауыртама?
сізге қалай білмеймін, мен тесерде қорыққанмын, қатты ауырды
менің құлағым ауырған жоқ,инемен тескенмін
+3 дауыс
Баяғыда Абай атамыз сүндетке отырарда: "неге қыз болып туылмадым екен"- деп жылаған екен. Сонда әжесі: "Қыз болсаң бала таппайсыңба"-депті.
–1 дауыс
Жігіт болған қиын емес, Алла жаратты.Басқа не істей аламыз?
0 дауыс
жігіт болған қыз болғанға қарағанда күшті ғой. басқасын білмеймін ал өзіме ұл болған ұнайды
+2 дауыс
Шіркін, жігіт болсам ғой...

Кейбір ару қыздарымыздың "Шіркін, ер болып туылғанымда ғой!!!" деп күрсініп қоятындары да бар. Олар неге жігіт болуды армандайды?! Себебі көп екен.
Мәселен:
- Еркектер жыламайды. Жыласа да, макияждары ағып кетпейді;
- Еркектерді көп өсектемейді. Өсектесе де оларға бәрібір;
- Ұсақ-түйекке араласпайды. Еркектер күн сайын таңертең жұмысқа тек маңызды істер күтіп тұрғандай кетеді;
- Жігіттерге бәрін істеуге болады. "Қыздың жолы жіңішке" деген сөздің оларға қатысы жоқ;
- Теледидар пульті үнемі соның қолында;
- Күн ыстықта жейделерінің омырауын ағытып жүре алады;
- Үйде немесе спорт-барларда есі кеткенше айқайлап, жанкүйер болады;
- 1 апталық іссапарға 1 шағын сөмкемен кете береді;
- Душқа түсіп, қырынып шығуға 10 минут жетеді;
- Отбасын құрғанда фамилияларын өзгертпейді;
- Таңдау көп. Себебі, Қазақстанда бойдақ қыздар көп ( 1 жігіттің басына 7 қыздан);
- Досының туған күніне ешқандай сыйлықсыз бара береді;
- Бірлікті өте аз жұмсайды. Себебі, еркектер ең маңызды жаңалықтың өзін 30 секундта айтып болады;
- Кез келген жерде, қалаған уақытында суға түсе береді;
- Еркектерге 1 жылға 3 аяқ киім жетеді;
- Семіріп немесе арықтап кетемін деп қорықпайды. Семіріп немесе арықтап кетсе де, ол үшін уайымдамайды. Себебі оған ешкім назар аудармайды;
- Олар 35 жасқа дейін бойдақ болып жүре алады.
Ал сіздер ше, аяулы ару қыздар, еркек болып туылудың қандай артықшылығы бар деп ойлайсыздар?!

Массагет кз сайтынан алынған
+1 дауыс
Әрине еркек болып туылғаныма қуанамын.

Аллаға шүкір!
0 дауыс
аяймын,сүндетке отырғызатын балаларды
сүндетке отырғаннан еш қиындық көрген жоқпын )
соның арқасында ақшаның астында қаласың )
0 дауыс
Жігіт болу оңай емес
0 дауыс
Жігіт болып туылып,қыздардың тірлігін жасап жүргендер бар.Ондайдан Алла сақтасын.Жігіт болғанға не жетсін)))
...