+2 дауыс
475 көрілді
Ресейдің оппозициялық саясаткері Эдуард Лимонов өткен жылы Facebook-парақшасында Қазақстан жайлы оғаш пікір айтып,  девальвацияның Қазақстанға теріс ықпал етіп отырғанын сөз ете келе, «Назарбаев саясаттан кеткеннен кейін Қазақстанның солтүстік аймақтарын Ресейге қосып алуды» ұсынды. Жириновскийдің «Ресей шекарасын оңтүстікке кеңейту» ниеті тағы бар. Жириновский «Қазақстанға территориялық наразылықты қашан білдіресіздер?» деген сауалға: «Әзірше күтеміз. Украинаны тындырып алайық. Қазақстан – Кеден Одағы мүшесі. Бірақ онда да русофобтық көңіл-күй таратып жатыр. Қазақстандағы жаңа оқулықтарда ылғи орысқа қарсы көңіл-күй бар» деп жауап берді. Хакасия республикасы жоғары кеңесінің төрағасы  Штыгашев Қазақстанның кейбір облыстары бұрын «Ресейдің құрамдас бөлігі болғанын», Ресей Қазақстанға «бес облысын бере салғанын», теориялық тұрғыдан олар «референдум арқылы Ресей құрамына қайтарылуы мүмкін екенін» айтқан. «ВКонтакте» танымал әлеуметтік желісінде «Северный Казахстан – это русская земля» («Солтүстік Қазақстан – орыс жері») атты топ парақшасы ашылды. Оған қоса  «Ол (Назарбаев) ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда ешқашан мемлекеттілік болмаған» деді Ресей президенті Путин. Бұл қауіп емес пе? Сырттан қауіп төніп тұрса да Елбасымыздың саясатын қолдамай биліктен кетуін қалай береміз бе? Болашақта Солтүстік облыстарды сақтап қала алмыз ба? Не істеуге болады?

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұған бола даурығатын түк те жоқ!! Әлі болмаған нәрсеге болжам айтып байбалам салудан пайда жоқ. Одан да сол кезге дейін, сондай қауіп төнгеннің алдын алайық. Солтүстік аймақты қазақыландырайық. Бір елдің тұтастығына қол сұғу оңай шаруа емес. Украинадан кейін Ресей мұндай қадамға бара қоймасы анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
+1 дауыс
Солтүстік өңір қосылып кетуі мүмкін егер Ресей референдум өткізіп жіберсе ше. Ол жақ орыстанып кеткен, тілі орысша, қазақтар аз. Біздің президент атамыз елді өзі ғана ұзақ уақыт билеп, елді жаман үйретіп алғандай (әрине, бұл менің жеке ойым). Сол кісі сияқты басқа саясаткер билік басына әрине жақсы.
+2 дауыс

 Қазақтарда ешқашан мемлекеттілік болмаған» деді Ресей президенті Путин

бұл  сөзді бірінші айтқан Путин емес, осыдан 2-3 жыл бұрынғы Н.Назарбаевтың Америкадағы сөйлеген сөзі, (цитата: "Менен бұрын Қазақтарда мемлекет болмаған...") өз құлағыммен естідім, 

Ал былайғы айтқыштар айта берсін, Қазақстан территориясын ешкім тартып алмайды, тартып ала алмайды да

–3 дауыс
Солтүстiкте шаруам жоқ )
+1 дауыс
Халықты дүрліктіру үшін айта береді ғой, Республикамыздың теретоиясы мемлекет аралық заң жүзінде белгіленген. Шекарамен проблема жоқ деді Назарбаев интервюында. Ресей артын ойласа біздін елге зиянын тигізе алмайды.
+1 дауыс
Бұлай әркімге тиісе берсе русофобия емес антиорыстық қөзқарас қалыптасады. Бұрын да батыс, АҚШ Ресейді сыртынан мысқылдап, менсінбей қарайтын. Қазіргі беделі одан да түсіп кетті, Ресейдің шын бетбейнесі бүкіл әлем алдында енді көрінді.  Олар қазір билігімен, халқымен( бәрі емес) қосып сырқат, ауру. Аурудан көзіне ештеңе көрінбей не істеп не қойғанын білмей жатыр. Санкцияның қысымы батқаннан кейін ызадан тағы не істейтінін бір Алла білсін. Бірақ не істесе де жауапсыз қалмайтынына сенейік.
+2 дауыс
Мені ақыл айтты демеңіздер, тарихымызға қарайық ағайын! Ресей, бізге қанша жабысып қалған ел болса да, кішкене жығылсақ жұдырық үстіне жұдырық болуға әзер дайын,сондықтанда:  дінімізді, тілімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды меңгерейік, ауызбіршілікті нығайтайық,  анау солтүстікте жүрген " Қазақ" бауырларымызға қазақша үйретейік, өзіміздің ілімімізді, интеллектімізді арттырайық, елді қорғау біздің қолымызда ИншаАллаһ,  Ресей аздай оңтүстігіміздегі айдаһар мемлекетті де ұмытпайық, жастарына біз туралы не үйретіп жатқанын білсеңіздер. Бірігетін күн туды бауырлар.
0 дауыс
"Ит үреді, керуен көшеді" дейді атам қазақ. Әркімнің сандырағын әңгіме қылудың қажеті шамалы.
0 дауыс
Сақтап қаламыз қорықпа.
+1 дауыс
Олар емес қайта ресейде қалган жерымызды қайтаруға ат салысыу қажет! 30-40 жылдан соң ресей деген ел болмайды. олар 10 неше елге айналады. Сол себептен сарытау орынбол шалаби төмен қорған омбы барынауыл кемерді кайтарудың қамын осы бастан жасай беру қажет.ғуның ұрпағы қайтадан емперия құрады деп сенемін сөз жок іске асады. Тәңыр қолдасын...
0 дауыс
Қорықпа бермейміз жерімізді!!! Рухымыз мықты болсын Алла тағала қолдысын
...