0 дауыс
10.2k көрілді
Сөз туралы нақыл сөздер керек?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Сөз қадірін білмеген-өз қадірін білмейді.

Сөз сүйектен өтеді- таяқ еттен өтеді.

Қаһарлы сөз- қамал бұзар.

Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.
Көз жеткен жерге сөз жетер.
Жақсы байқап сөйлер,жаман шайқап сөйлер.
Аяғы жаман төрді былғар,аузы жаман елді былғар.
Біреудің сөзі әдемі, біреудің көзі әдемі.
Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.
Сөз сүйектен өтеді, таяқ нттен өтеді.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
Сөздің басы қатты балса,аяғы тәтті болады.
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.
 Жүйелі сөз-жүйесін табар,жүйесіз сөз-иесін табар
 Сөз қуған бәлеге жолығар.
 Өзі шынашақтай,сөзі келісаптай.

 Орынсыз сөз-өзіңе тиер.

Өтірік сөз өрге баспас.
Жақсының сөзі жырмен тең.
 

0 дауыс
http://ulagat.blogspot.com/2012/04/blog-post_2745.html арасында бар
0 дауыс

Сөзді қусаң сөз шығады, Сиырды қусаң б шығады

0 дауыс
Сөз - сүйектен өтеді.
+1 дауыс

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.  

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар. 

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі.

Сөз жіп, созсаң кете береді.

Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Жақсы сөз  жан сүйіндірер,

Жаман сөз жан күйіндірер.

Сөздің көркі – мақал,

Иектің көркі – сақал.

Түйенің бурасы жақсы,

Сөздің турасы жақсы.

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,

Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,

Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.

Асыл сөзге өлім жоқ.

Көп сөз ұтпайды,

Дөп сөз ұтады.

Сөйлей-сөйлей шешен болар,

Көре-көре көсем болар.

Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Бәйгі алмаған жүйріктен,

Белі жуан бесті артық.

Жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен  шығады.

 

0 дауыс
http://www.******.com/kz/quote/ қазақша нақыл сөздерді осы сайттан қарауға болады.
0 дауыс
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
Жанды жаралайтын да сөз,
емдейтін де сөз.
Сөз сүйектен өтеді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
...