0 дауыс
845 көрілді
Осы сайтта табыс табуға болама? Қалай?

9 жауап

0 дауыс
Құрметті сайттың қолданушылары.

Сайтымызда шынымен де өте белсенді қолданушылар бар. Қарап отырып белсенділіктеріне қатты қызығамын. Сіздерге үлкен алғыс. Сайтты қызық қылу мақсатында сайттағы айдың үздік 3 қолданушысына қаржылай сыйлық қарастырсам қалай болады екен?

Ойлап қарасам бір жылда 12 ай бар.

Әр ай сайын:

1 орынға - 15 мың теңге.

2 орынға - 10 мың теңге.

3 орынға - 5 мың теңге.

Жалпы айына 30 мың теңге кетеді. Оны 12 айға көбейтсек 360 000 теңгені құрайды екен. Яғни егер осы айдың соңына қарсы қаражаттарымды толықтай алып болатын болсам, бір жылға 360 000 мың теңгені Сұрақ-Жауаптың бюджетіне құя аламын. Ол қаражат әр ай сайын сайттың белсендісін анықтап, Qiwi немесе байланыс операторына бірлік ретінде, болмаса карточкасына қаржы ретінде жібере аламын. Егер бәрі дұрыс болып жатса, келесі жылдың қаңтар айынан бастап кетуге болады. Егер алып қосар ойларыңыз болса, талқылап көрейік.

Қосымша тұрақты деп айта алмаймын, бірақ шын белсенділер болса қалған 4 және 5 орындағы белсенді қолданушыларға  ар-арасында қосымша қаржылай сыйлық бере аламын. Мүмкін ол 500-1000 мың ұялы телефонына бірлік болуы мүмкін.

мәлімет https://surak.baribar.kz/515164/

Мен қазір 1 апталық демалысқа кетіп бара жатқандығымнан толық жаза алмай жатырмын.

Бірақ қысқаша баяндап өтейін. Қаңтар айының 8-зі күні Алматыға қайта ораламын. Сол кезде толық ережесін жазып өтемін.

Әзірге айта кетейін. Менде алғы капитал бар. 3 ай нақты мен айдың 3 белсенді қолданушысына қаржылай сыйлық бере аламын.

1 орынға 10 мың теңге.

2 орынға 6 мың теңге.

3 орынға 3 мың теңге.

4 орынға 2 мың теңге.

5 орынға 1 теңге.

Әр айға 22 мың теңге шығады екен. Әзірге 3 айға жоспарлап отырмын. 3 ай бойы 22 мың теңгені бастапқы капила ретінде жинап қойдым.

Сайтта орын алған жағдай, белсенділікке қарай бұл сумма өзгертілуі мүмкін. Егер сайт қолданушылар арасында жақсы беленділік тудыратын болса, мен 1 орынға 10 мың емес, 20 мың тегеге дейін көтере аламын және бұл белсенділікті анықтау тек 3 ай ғана емес бір жыл бойына дейін соз аламын.

Қазіргі таңда мен Шымкент қаласына үйіме кетіп барамын. 1 апта бойы демалып, жеке шаруаларыммен жүремін. Алматы қаласына қаңтар айының 8-зі күні ораламын. Сол күні толықтай ережесін жариялап әр айдың соңында шын белсендіні марапаттап отырамыз.

Сұрақ-Жауап сайтының қолданушыларына сәттілік. Әр айдың шын беленділерін анықтау басталып кетті. :)

мәлімет https://surak.baribar.kz/526450/
Меніңше қажет емес. Сайтыңыздың құлдырауына әкеліп соқтырады (қажет емес сұрақтар мен қажет емес жауаптар толып кетеді) онсыз да ондай сұрақтар мен жауаптар толып жатыр (саны бар да сапасы жоқ болып кетеді)
Жай тек, бұл сайтқа жан ашығасын айтып отырмын, соңғы сөзің өзіңде ғой
Мен бір идея айтайын: оданда, "осы айдағы ең жақсы жауап", "осы айдағы ең жақсы сұрақ" осы айдағы ең жақсы пікір" деген номинациялар болса сайттың сапасын арттыруға көп септігін тигізер деп ойлаймын,
тіпті "осы аптадағы" деп те өзгертуге болады
Кто рискует, тот пьёт шампанское, а кто не пьет шампанского-тот пьет валокордин...
Freedom мен ақшаны емес сайттың беделін ойлап отырмын, мысалы мен кез келген сұраққа ойыма келген нәрсені жазып, кез-келген сұрақ қоя беретін болсам алдыңғы орыннан бір шығам ғой,
сапасы тіптен нашарлап кететінін сезіп отырған боларсыз
Бізге қандай сайт керек, қазақ тілін дамытатын, қазақ тіліндегі сұрақтарға нақты жауап алатын сайт керек
Мүмкiн кiм бiледi беделi көтерiлiп кетер. Өзi айтқандай үш айға тәуекел жасап көрсiн ендi, iстеймiн деген адамның бетiн қайтармасаңдаршы, оның үстiне айтылған сөз атылған оқ. Бiраз адам жеңiске ұмтылуды бастап жiберген...
vvvwww сіз бекерден бекер данышпан болып жүрген жоқ екенсіз. Ойыңызбен қосыламын. Әсіресе номинация жағынан.
Ақша десе қазақтар неге болсада барады))  Ввввв дұрыс айтады мәнсіз сұрақтар мен жауаптар қаптап кетеді.
0 дауыс
Осы айдан басталды деп есіттім.
0 дауыс
Үздік бестікке кірсең, ақша аласың.
0 дауыс
Админнің ұйымдастырған конкурсына қатысып ақша таппасаң, басқалай табыс көзі жоқ.

Тек сайттың админі ғана бұл сайттан ақша табады, жарнама арқылы.
0 дауыс
Ешқандай табыс көзі жоқ әзірше. Админ көріп жатсаң саған ұсыныс үздік үштікке ақша бергенше модератор, редактор, мамандарға жалақы тағайындасаңшы. Жасаған жұмысына қарай бағалайсың.
Меніңде ойым сол еді,себебі Модератормен,редакторлар өңдейді бірақ пайда түспейді.
(( ақша аударылса қызыметіне
@Admin________деп шақырсашы @Чичарито
Өйтіп шақырсаң жетіп келе ме?
0 дауыс
Ақша табатын тек Админ ғана. Ал қалғандары волонтерлер.
0 дауыс
Жауап жазғандаряңызға рахмет!
0 дауыс

Алақандағыдай!!! Енді Админ белсенділерге ақшалай сыйлық береді, Орынға байланысты

0 дауыс
Админ үздік 5-тікке қаржылай ақша берем деді
Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары!

Алдын айтып өткенімдей тест режимінде 2 ай бойы Сұрақ-Жауап сайтының шын белсенді қолданушыларын марапаттауды жөн көріп отырмын. Қазіргі кезде тест режимде 2 ай деп алайық. Егер осы марапаттау белсенділікті арттырып, жақсы нәтиже беріп жатса 2 ай бойы емес, 1 жыл бойы әр айдың белсенділерін анықтап, қаржылай сыйлық беріп отыруды тұрақты жүргізе аламын.

Ережесі қарапайым:

Сайттың оң жақ бөлігіндегі Осы айдың үздіктері қатарына ену. Әр айдың 20 белсенді қолданушылар тізімін https://surak.baribar.kz/bestusers сілтемесі бойынша өтіп көруге болады. Бірақ ескерте кететін жайт ұпай саны бойынша белсендіні сайт жүйесі анықтағанымен, мен адами іс-әрекет факторды негізге аламын. Яғни нақты соңғы шешімді мен қабылдаймын. Қолданушыға 1 орынды сайт жүйесімен анықтағанымен мен оған 3 орынды беруім мүмкін немесе 5 орын дегендей. Себебі алдын айтып өткенімдей сайттың шын белсенді қолданушысын марапаттағымыз келеді.

1 орынға 10 мың теңге.

2 орынға 6 мың теңге.

3 орынға 3 мың теңге.

4 орынға 2 мың теңге.

5 орынға 1 мың теңге.

Қолданушы үздік бестікке енгенімен соңғы шешім орындарды анықтау менің құзіретімде екендігін естеріңізге сала кетейін!

Адами факторларға енетін пунктер. Соңғы шешімді қабылдарда мен мына өрістерге мән беремін:

Жауабының толық, әрі нақты, ешбір жерде қайталанбаған уникалды жауап болуына қараймын;
Сұрақтарға арнайы өз саласының мамандарынан жауап алып жазылған жауаптар менің көзқарасымнан жоғары баға алады (Мамандар - сіздің аға-әпкеңіз, ата-анаңыздан алынған жауап болуы мүмкін);
Берілген жауабы басқа сайттан көшіріліп қойылмағандығына баса назар аударамын.
Алаяқтық жасау. Бір немесе бірнеше аккаунт ашып алып, өзі сұрақ қойып, өзі жауап беретін қолданушылар жинаған балына қарамай, сайыстан шектетіледі.
Өзінің достары, арнайы бір саланың маманын сайтқа тартқаны қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
Жақсы, өзіне ұнаған сұрақтарды әлеуметтік желіде бөлісу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
Сұрақ-Жауап сайтында Блог жүргізу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;

Жеңіске жеткен қолданушыны анықтап, сайт блогында жариялап отырамын. Марапатты банк карточкасына немесе бірлік ретінде салып жібере аламын.

Сайттың қолданушыларына сәттілік. Белсенді болайық! Осы айдың соңында алғашқы белсенділерді анықтап, шын белсенді қолданушыларды марапаттайтын боламыз.

p.s. Алдағы уақытта жағдайға қарай ереже толықтырылынуы мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

...