+1 дауыс
3.1k көрілді

23 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Әркімге әрқалай ғой, көбіне ер адамдардың бір нарсеге көңілі толмауынан болуы мүмкін. кейде жазықсыз, кейде жазықты болып таяқ жеп жатады. Десек те, өзің айтқандай олар ана, әрбір еркек әйелін, анасын, әпке-қарындасын сыйлап, құрметтесе барлық отбасы бақытты болар ма еді.
Бірақ, көріп жүрміз ғой, "басқа бәле - тілден" деген, көп әйелдер өз тілінен тауып жатады.
Еркектер! Әйелдерді аялайықшы.......
Иа. 10 бәленің 9 тілден. Бірақ жұдырықтың астына алғанымен одан түк шықпайды. Одан да сөзбен түсіндіру керек. Олар адам ғой мал емес.
+6 дауыс
Надан, үйінде ата-анасынан дұрыс тәрбие алмаған адам ұрады. Түсініктері таяз.
Тарбиеге байланысты емес дей алмаймын. Дурыс тарбиеге де байланыса бар.
Болар бала 15-де баспын дер,
болмас бала 30-да жаспын дер.
Белгісіз
+4 дауыс
Тәрбиеге байланысты, егер ер бала әкесінің шешесін ұрғанын көрсе,ол бала солай жасайды деп ойлаймын.
Меніңше, мұны көрген бала әкем анамды ұрды, анама ауыр болды. Менің әйелім мұндайды көрмеуі керек деген ұғым қалыптасуы керек секілді.
Дұрыс айтасыз. Ұяда не көрсе - ұшқанда соны іледі. Александр Свияштың "Разумный мир или как жить без лишних переживаний" деген кітабында оқығаным бойынша айтайын. Бала кішкентайында әке-шешесі не істесе, олар қалай сөйлессе, мәселен, күнде ұрыс-төбелес болса, бала ойлайды: мен қайткенде де бұндай болмаймын,-деп. Өз - өзіңе уәде береді.
Бірақ, бала өскеннен кейін жаңағы әке-шешесі істеген нәрселерді істемеуге тырысады. Бірақ, әйтеуір бір нәрселер сол әке-шешесінің істегеніне итермелеп, мәжбүр етеді. Бұл - дәлелденген.
Ия дұрыс айтасыз. Мен де көргенмін талай ауылда ондай болып жатады. Әкесі шешесін қатты ұрады. Ал бала сол көргенін өзінің әйеліне істеді. Мен осыны өз көзіммен көргенмін. Әйтеуір өзімнің әке-шешем тату. Олардың ұрмақ түгілі ұрсысқандарын ғұмыры көрген емеспін.
+1 дауыс
Ер адамнын санасына байланысты ғой. Имансыз ер адамдар солай жасайды. Анаға қол, тіл тигізу ол екі дүниедеде онбас
+1 дауыс
Оны өздерінен сұрасай......................
+1 дауыс
ҚАЗІРГІ ҚЫЗДАРҒА ТАЯҚ ЖЕГЕН ҰНАЙДЫ.МЕНІҢ ҚҰРБЫМ БАР ЖІГІТІНЕН ҮНЕМІ ТАЯҚ ЖЕЙДІ ОНЫҢ ҰРҒАНЫ МАҒАН МАЙДАЙ ЖАҒАДЫ ДЕЙДІ
+1 дауыс
иә бірінші тәрбие, тіл де бар, сосын қазақтын жігіттері тым қызғаншақ, біреу күліп қарады, біреу өліп қарады деп естері кетеді
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.
Белгісіз
0 дауыс
Еркектің жақсы, жаман болуы әйелден. Әйелінің өзі кінәлі көңілін таба алмаса. Және де ішімдіктің де кінәсі бар.
Бес саусақ бірдей емес. Барлығы бірдей ұра бермейді ғой.
Жер домалақ. Қазір қыздардың бәрі демей-ақ қояйын көбісі жігіттерді соңынан жүгірткенге құмар, тастап кетеді т.б айта берсе көп, міне сондай қыздар сондай еркекке тап болады.
+1 дауыс
Қыз деген - Ана, Ана деп қана - бағала оны , бағала (c)  _______  
Ұрады, себебі:    Ақылының жетпеуін Күшінің жетіумен компенсироватетеді. Бәріне топырақ шашпаймын, кей надандар....
келісемін. Әйелді ұратын еркектер өте әлсіз жандар . Олар әйелден басқаға әлі жетпегендіктен ұрады деп ойлаймын. Өз анасын, апке-қарындастарын  сыйлайтын еркек, өз әйелін ұрады деп ойламаймын...
дұрыс.дұрыс.)
0 дауыс
ұру деген дұрыс негізі...
менде бір діни кітап бар сонда былай деп жазыпты...

1) 1ші жай сөзбен түсіндіру.
2) көпшігіңді алып басқа бөлмеге кетіп қалу (типа ренжігендей)
3) одан да түсінбесе, ұру дейді,бірақ сүйектері сынатындай,яки көгеріп кететіндей емес, тек жай ғана.
4) одан түсінбесе ата-анасына ескерту, соларды шақырту,
5) талақ дейди. (Алланың ең жек көретін нәрселерінің бірі)
0 дауыс
Қандай жағдай болса да әйелін ұру дұрыс емес деп есептеймін. Егер әйел адам кінәлі болса басқалай жазаласын. Әйел адамды ұратын адамды еркек деп айту қиын. Әйел адамды ұру арқылы өзіңнің күштілігіңді емес әлсіздігіңді көрсетесің. Әйеліңізді ұру арқылы айтқанымды тыңдатамын деп есептейтін адамдар шын мәнінде тек өз абыройын, әйелінің алдындағы беделін жоғалтады!
0 дауыс
әйелін жалпы әйел қауымые ұрған еркек еркек емес ол хайуан,
0 дауыс
Меніңше, ойы таяз, санасы жоқ еркектер айеліне қол жұмсайды... Әйелді тек ұрып тәрбиелеу керек емес қой. Әйел-адам. Айтқан сөзді ұғады. Еркектің әйелді ұрғаны-оның  әлсіздігін көрсетеді.
+1 дауыс
Әйел адамға қол жұмсау, ол әлсіз еркектің әрекеті.
0 дауыс
Әркім әртүрлі себеппен ұрады, кейбірі араққа сылқия тойып, есін білмей ұрады, кейбірі қызғаныштан сен ана тойда анамен билеп қойдың, сен неге жұмысыңнан кеш келесің деп ұрыс шығады сондықтан осындай сұрақтарға әдемілеп жауап беру керек. Азанда күйеуі жұмысқа тұрарда тамағын дайындап күйеуін оятпауданда таяқ жеу мүмкін. Бірақ тілден болады бәрі, ұру дұрыс емес, мәселені сөзбен шешуге де болады ғой.
...