+2 дауыс
2.9k көрілді

Өзің жақсы көрмейтін адаммен үйленсең (күйеуге шықсаң) не болады? Бақытты болуға бола ма?

Жауап берейін деп жатыр едім, бірақ "көпті көрген енекемдер" жауап жазып тастапты ғой, менікі енді ыңғайсыз болар деп ойлап отырмын )))
Озин калай ойлайсын

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Не болатынын ешкім  білмейді. Сіз ешқашан жеп көрмеген жемістің дәмін жұрттан сұрап көріңіз. Әркім әр түрлі жауап береді. Себебі әркімнің дәм сезу қабілеті әр түрлі. Неке сол сияқты. Бәрінің мінезі де, сезімі де, өмір жолы да әр түрлі. Махаббат, неке ғылымға бағынбайды. Бақыт деген бір ғана формула жасап мәнін табу мүмкін емес. Жемісті өзіңіз жеп көргенде ғана сізге ұнайтын, ұнамайтынын білетініңіз сияқты, тек үйленіп көргенде ғана некенің не екенін біле аласыз. Бірдей тағамды әр үйде әр түрлі жасайды ғой, біреулер тұзды көп қосады, біреулер азырақ қосады, кейбіреулер мүлдем дәмдеуіш қоспайды. Бақытты некенің рецепті де әр түрлі. Махаббат деген дәмдеуішті қоспай-ақ некенің "дәмді" болып шығуы әбден мүмкін.
+2 дауыс
Бір біріңді түсініп, кейіннен жақсы силасып кетсе әрине бақытты болуға болады.
+7 дауыс
Егер жігіт сізді сүйсе, силаса,бағаласа, құрметтесе бірақ сіз ұнатпасаңыз уақыт өте үйренісіп бақытты боласыз!

Ал қыз сүйіп жігіт сүймесе бақытты болу екі талай... "Жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады"
Жігіт бәрібір жеңеді.
Қыз өзін мойындатып күйеуі ақыры жақсы көріп кетуі де мүмкін ғой
+3 дауыс
Әр жағдайда әр түрлі. Кейбірі уақыт өте келе бір-бірін ұнатып, тіл табысып жатады. Ал кейбірі ажырасып жатады. Негізі көбіне қыздар көніп, жақсы көріп кете алады да, ал жігіттер қиналып жатады (мен куә болған оқиғалардан түйгенім). Қыз қылығымен сүйкімді өз қылығымен жігітті ғашық етуі мүмкін. Ал қыз құлақпен сүйеді дейді ғой жылы жылы сөздер айтып, жағдайын жасаса ол да көніп кетуі мүмкін. Кез келген жағдайда екі жаққа да тікелей байланысты. Бақытты болуға қашан да мүмкіндік бар:)
+1 дауыс
Бакытты болмайды.оз басымнан откен
+2 дауыс
Егер сүймесе үйленбесін. Кәзіргі уақытта сүйіп қосылғандардың, өздерінің,ажырасулары көп болып жатыр. Сүймей қосылғандарды ажыраспайды деп айта алмаймын. (Неке ойыншық емес)
+1 дауыс
Бірін-бір түсінбей, арада араздық болады.Бірақ басын кейбір адамдар бірі-бірін жақсы көрмей үйленсе, артынан бақыт болуы мүмкін.
+2 дауыс
Махаббат деген уақытша нәрсе. Отбасында ең бастысы сыйластық пен ауызбіршілік.
Сенім арту, сене алу деп те қосар едім
Сыйластық пен ауызбіршілік сол махаббаттан жалғасады.
+2 дауыс
Не болады отбасында сыйластық, тыныштық болмайды! Шаңырақтың берекесі кетеді.Ажырасып тынады.
оны қайдан білесің?
Естігем, кинодан көргем)
+1 дауыс
Бәрінің де амалы табылар. Тек өлімге шара жоқ.
0 дауыс
Сүймей тұрмысқа шықсаң,балалы болған соң Балаңның әкесі ретінде бауыр басып кетесің (деп есептеймін)
–1 дауыс
Иа ка көбі сондайғой. Сүймесе де шыға беред, сүймесе де ала беред. Түр алпеті біраз нормальный болса болды. Со қыздарға жаным ашып кетед, таң қаламын. Қалай бұндай маңызды затқа қыз деген осындай немқұрайлы бола алад екен.
0 дауыс
Иа ка көбі сондайғой. Сүймесе де шыға беред, сүймесе де ала беред. Түр алпеті сəл нормальный болса болды. Со қыздарға жаным ашып кетед, таң қаламын. Қалай бұндай маңызды затқа қыз деген осындай немқұрайлы бола алад екен.
...