+1 дауыс
3.1k көрілді
Қазақ қыздарының киімдері қысқарып барады. Сондықтан қыздар хиджап киюі керек пе? Әлде басқа шарасы бар ма?

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі заманда көшеге шықсаң әр төрт қыздың үшеуі дене бітімін анық көрсетіп тұратын жабысқан киімдер немесе ашық-шашық киімдер киеді. Олар біріншіден, қатарластарынан қалғысы келмейді. Екіншіден, сол киімдерде өздерін әдемі сезінетін шығар. Үшіншіден, алған тәрбиесіне де байланысты. Ондай киім киген қыздардан құтылудың жолы, арнайы заң шығарып, заңға қарсы әрекет жасағандарды жазалау.
+1 дауыс
Заманның талабы.Біріне кигізгенмен, бәрі кимейді.Ар-намысы бар бірең - сараң қыздары қазақтың ұлттық киімдерін киеді.
Нүкте арасын қадағаласаңыз.
Көзге түсіп қала бересіз. Артыңыздан кір іздегенім емес.
+1 дауыс
Осы сұраққа қыздар жағы жауап берсе... Өздері не дейді екен?
+3 дауыс
Міндетті түрде хиджаб, міндетті түрде ұлттық киім кию керек деген ұғым болмауы керек. Ең бастысы, тырыстырмай, барынша әурет жерін жауып , ер адамдарды қоздырмайтындай киініп жүрсе жақсы.
+1 дауыс
Осы сұрақты қоюдан шаршамайды екенсіздер. Егер қазақ қыздарының олай киінгенін қаламасаңыз әпке-қарындас, қыздарыңыздан бастаңыздар. Медет дұрыс айтады тәрбиеге тікелей байланысты. Жаныңыздағыларға жақсы тәрбие көрсетсеңіз ары қарай олар да басқаларға үйретеді. Бұны жаза бергеннен пайда жоқ. Жазылған сөз жазылған жерде қалады. Ол үшін өлең де шығарылды. Хиджаб пен ұлттық киім кию міндетті емес. Санасы бар қыз ашық-шашық киінбей ақ заман талабынан қалмай келеді.
0 дауыс
Хиджаб кимесе де шамалы жабық киінсе жарайды.
0 дауыс
Қысқа киімді көбіне аяқтары түзу, сымбатты қыз-келіншектер киеді. Жарасымды болса, неге кимеске. Ал хиджаб деген араб халықтарының киімі, оны киюдің түкке де қажеті жоқ. Иман тек жүректе болуы керек. Пайғамбар айтқан: Қай елде тұрсаң, сол елдің киімін киіп, тағамын же, - деп.
Біздің еліміздің киімі қандай болады сонда?
Белгісіз
Хиджаб араб халықтарының киімі деген қате түсінік. Құранда әурет жерлеріңді жабыңдар деп көрсеткен. Ал әйел затының әуреті беті мен алақанынан(сыртымен қоса) басқа жері. Демек, барлық әурет жерлерді жапса кәдімгі хиджаб болады. Тіпті шаш та әурет жерге жатады. Рас, иман жүректе болады. Оны іс-әрекетпен, сөзбен білдіру керек. Емтиханда мұғалімге "Ақыл мида болу керек" деп бос парақты өткізбейді ғой. Сондықтан, хиджаб кию міндет.
Толик! Егер сен мұсылман болсаң, онда бес мезгіл намазыңды қаза қылмай, оразаңды уақытылы ұстап жүр. Бірақ, дінді басқаларға зорлап таңуға болмайды. Ал хиджабыңды өзіңнің қызыңа кигізерсең.
Біздің елдің киімі - европалық үлгідегі киім, бүкіл өркениетті елдердегі сияқты.
Дегенің болсын. Зорлап ештеңе жазған жоқ сияқты едім... Тек діни мәселеде қате пікір таралғанын қаламадым.
Байырғы қазақтың киім кию үлгісі мен еуропалықтардың киім кию үлгісі мүлдем басқа болған..
жалпы Қазақтардың көзі Еуропайлықтарыңа көздеріңе ұйықсас болған дима бірдеме ғо !
Белгісіз
0 дауыс
Бір күні қыздар тыржалаңаш жүрсе, таң қалмаңыз.
Америка, Еуропа да жүрсе таң қалмаймын.
Әрине..........................
+1 дауыс

Хиджап жайлы әңгіме қозғаған екенсіздер...Қазір жігіттер хиджаб кигендерге жүгіреді, басқаша киінгендер олар әдепсіз, тәрбиесіз, бұзылған қыздар. Ол жайлы қазақша рэпте бар: хиджап киген қыз аққу, қалған қыздар қарға екен...Барлығы демеймін, бірақ хиджаб киген қыздар алдыңғы жастарында көп күнәға батқан қыздар, ондай қыздарды өзім көргенмін ішеді, жүреді, қысқаның көкесін киеді, ал бір-екі жылдан кейін сол қызға қарасаң содан асқан инабатты, адал, сүттен ақ судан таза адам жоқ. Бұл көзбояушылық. Жігіттер жағыда солай, менің танысым есімін жазбай-ақ қояын, 17 жасында қыздың бәрімен жүрді, ішті, шекті, өзі хип-хоп билейтін, ал қазір сол Астанада оқып "имам". Менің ішім ашитыны жігіттердің қыздың киіміне қарап бағалайтынында. Хиджаб кимейтін тәрбиелі, әдепті қыздар бар. Бірақ хиджаб кимейтін қыздардың бәрі жақсы демеймін, тәрбиеге байланысты. Қыздар қысқа киеді деп шулайды жігіттер. Қыздар не үшін қысқа киеді? Негізі жеке өмірінде жақсы жігіт жолығып, бақыт дәмін сезбеген немесе жолы болмаған қыздар киеді. Бірақ, сол ашық-шашық киінген қыздар үшін өзінің сүйікті адал жарын тастап кетіп жатқандар толып жатыр. Жігіттер көшеде қысқа киген қыз көрсе есін жоғалтады, әрине барі емес.. Друг Вокруг желісінде эфирде не жайлы көп жазатын жігіттер бар екенін бәрі біледі. Сол үшін жігіттер өздеріңді дұрыстаңдар. Сендер әдепті болып, қыздарды силап, құрметтеп, сырттан өсектемей қысқа киген қызға дұрыстап түсіндірсеңдер, қыздарда ақымақ емес, бәрі де түзеледі.

Ойыңыз ұнады. Рас, хиджабқа қарап адамның жанын біле алмайсың. Және айтқан адамыңыз дұрыс жолға түскені жақсы болыпты. Сіз адамдардың күнәсін көрсеңіз де, олардың тәубелерін көрмедіңіз ғой. Сондықтан, тек жақсы ойда болайық. Кімде кім біреу туралы жаман не жалған сөз айтса, ақыретте ғайбатшының жақсы амалдары соның атына жазылады. Жақсы амалы таусылса, сол адамның жаман амалдарын артып әкетеді деген. Әрдайым тек жақсы жағын көрейік, жамандықты көру әркімнің-ақ қолынан келеді...
Дұрыс айтасыз. Сөзіңіздің жаны бар. Иә, әрине, қуаныштымын дұрыс жолға түскендеріне. Бірақ, барлық адамды түзеу мүмкін емес, әркімде өзінің пікірі болады.
0 дауыс
Діннің не айтқысы келгенін түсінбейсіңдер. Сондықтан осылай дауласа бересіңдер.
0 дауыс
Батыстыққа еліктеп осындай жағдайға жеттік

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 18.10.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
+1 дауыс
7 жауап
+3 дауыс
12 жауап
+1 дауыс
11 жауап
...