Хиджап жайлы әңгіме қозғаған екенсіздер...Қазір жігіттер хиджаб кигендерге жүгіреді, басқаша киінгендер олар әдепсіз, тәрбиесіз, бұзылған қыздар. Ол жайлы қазақша рэпте бар: хиджап киген қыз аққу, қалған қыздар қарға екен...Барлығы демеймін, бірақ хиджаб киген қыздар алдыңғы жастарында көп күнәға батқан қыздар, ондай қыздарды өзім көргенмін ішеді, жүреді, қысқаның көкесін киеді, ал бір-екі жылдан кейін сол қызға қарасаң содан асқан инабатты, адал, сүттен ақ судан таза адам жоқ. Бұл көзбояушылық. Жігіттер жағыда солай, менің танысым есімін жазбай-ақ қояын, 17 жасында қыздың бәрімен жүрді, ішті, шекті, өзі хип-хоп билейтін, ал қазір сол Астанада оқып "имам". Менің ішім ашитыны жігіттердің қыздың киіміне қарап бағалайтынында. Хиджаб кимейтін тәрбиелі, әдепті қыздар бар. Бірақ хиджаб кимейтін қыздардың бәрі жақсы демеймін, тәрбиеге байланысты. Қыздар қысқа киеді деп шулайды жігіттер. Қыздар не үшін қысқа киеді? Негізі жеке өмірінде жақсы жігіт жолығып, бақыт дәмін сезбеген немесе жолы болмаған қыздар киеді. Бірақ, сол ашық-шашық киінген қыздар үшін өзінің сүйікті адал жарын тастап кетіп жатқандар толып жатыр. Жігіттер көшеде қысқа киген қыз көрсе есін жоғалтады, әрине барі емес.. Друг Вокруг желісінде эфирде не жайлы көп жазатын жігіттер бар екенін бәрі біледі. Сол үшін жігіттер өздеріңді дұрыстаңдар. Сендер әдепті болып, қыздарды силап, құрметтеп, сырттан өсектемей қысқа киген қызға дұрыстап түсіндірсеңдер, қыздарда ақымақ емес, бәрі де түзеледі.