+1 дауыс
708 көрілді
Неге қазіргі уақытты "өзіңе ғана сенетін, ешкімге сенбейтін заман"- дейді?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоға олай емес кәзіргі нарық уақыты соған әкелді. Егер мен саған жақсылық жасайтын болсам, сенде маған солай жақсылық жасайды деп үміттенемін.Солай араласып тұрар болсақ бір - бірімізге сенімділік болады. Егер адам ойында менсінбеушілік болатын болса онда сенімділік тұрмақ үйіне адам бармайтын болады.
+1 дауыс
Өйткені адамдар тым ақылды болып барады, жылдар өткен сайын)
"Әуелден бір суық мұз ақыл-зерек.."
+1 дауыс
Себебі қазіргі заман қулардың,алдамшылардың заманы. Бұрын болмады емес болды. Бірақ зақіргі заманда көздеріңіз көріп жатқандай қасыңдағы досың да, ақша үшін сатып кетіп жатыр.
егер бір-бірімізге сенбейтін болсақ, онда қалай жақсы өмір сүреміз?
+3 дауыс
Иман азайса, заман солай болады деуші еді аталарымыз. Бір заман келеді, қой үстіне  бозторғай жұмыртқалайды. Бір заман келеді, адамдар түлкі болып алдайды. Бір заман келеді, қасқыр болып ырылдасады. деп.Қазір сол ырылдасқан заман сияқты.
+1 дауыс

"Егер мен саған жақсылық жасайтын болсам, сенде маған солай жақсылық жасайды деп үміттенемін."Gani_DOS , сол үміттер бізде азайып кеткен сияқты. Сіз дұрыс айттыңыз деп ойлаймын.

+1 дауыс
Қәзiр адамдар бiр-бiрiн ойлауға шамалары жоқ, әркiмнiң өз проблемасы өзiне жеткiлiктi болып кеткен сияқтыма бiрдеңе.
+1 дауыс
Эгоизм басым ғой қазір. бас пайдасы үшін кез келген уақытта кез келген адам сатып кете салады. Бұл тек қазіргі заман емес Абай атамыздын да өлеңдерінен кездестіруге болады.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегін екі жақтап.

Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе.
0 дауыс
Иа сондай заман басқаға сенсең ол сені лақтырып кетеді
+1 дауыс
Қазір отбасыңнан басқа адамдарға сене алмайсың.Қазір алаяқтар көбейді, ешкім сенің не істеп, не жеп жатырғаныңа қызықпайды.Әркім өз басының қамымен жүр.

Ұқсас сұрақтар

...