+1 дауыс
604 көрілді
Стрейзанд эффектісі дегеніміз не? Барбра Стрейзанд

1 жауап

0 дауыс

стрейзанд эффект, Streisand Estate

Стрейзанд эффектісі – белгілі бір мәліметті жою оның тек одан да кең жайылуына себеп болады деген феномен. Әсіресе Интернетте көп тараған жағдай. Мысалы, суреттерге, файлдарға, сайттарға тосқауыл қою, ол мәліметтерге тек қызығушылықтарды арттырып, көптеген көшірмелерінің пайда болуына алып келеді.

Терминнің шығуы 2003 жылы Барбра Стрейзанд сотқа шағымдануының нәтижесінде пайда болған. Барбра Pictopia.com сайтында Калифорния жағалауындағы үйінің суреті бар болғандықтан сайттың және фотограф Кеннет Аделманның $50 млн көлемінде айыппұл төлеуін талап еткен. Шағым жасалғанға дейін сурет сайттан 6 рет қана жүктелген екен, ал шағымнан соң сурет 420 мың пайдаланушылар тарапынан жүктеліп алынған.

Бұл эффектіні қазірдің өзінде өте көп кездестіруге болады. Мысалы, Ресейgithub.com сайтында суицид жасау жолдары жайлы файлдың бар болуына байланысты сайтқа тосқауыл қояды. Нәтижеде, жаңалық әлемге таралып мыңдаған адам файлды оқыды және трольдеу мақсатында көптеген басқа ресурстарға салып қойды. Ескере кететіні github.com сайтынан тікелей адресті білмесең, өздігінен (іздеу нәтижесінде) файлды табу мүмкіндігі өте төмен. Яғни, Ресей үкіметі өз іс-әрекетімен тек мәліметтің кеңірек таралуына септігін тигізді.

Стрейзанд эффектісін мәліметті кең тарату үшін жақсы пайдалануға болады, ал егер мәлімет тарауын шынайы тоқтату керек болса, іс-әрекет жасаудан алдын жақсылап ойлану керек. Әйтпесе, эффектінің нәтижесінде мәлімет Интернеттің төрін шарлап кетеді.

P.S. Суреттегі Барбра Стрейзанд Pictopia.com сайтынан алып тастамақшы болған фотография.

Ақпарат көзі

...