+1 дауыс
14.9k көрілді
Кешірімділік - көңіл кеңдігі ме? Сіз кешірімді бола аласыз ба?

16 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Кешіре білу ол адамның бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Кешірім сұрау,кешіре білу көп адамның қолынан келе бермейді.Сатқындықты,  опасыздыққы, алдауды кешіру ол әрине ``көңілдің кеңдігі``. Кешірімді адамның жүрегі кең ,көңілі ақ. Өз басым әлі ондай жағдайлармен соқтығыспадым. Сол себептен, қандай екенімді айта алмаймын. Мен үшін кешіруге болатын және кешірілмейтін істер бар. Дегенмен, кешірім сұрап, істеген қателігің түсініп, кешірім сұраған адамды, кешіруге тырысар едім. 

+2 дауыс
Жақсы адамның ашуы - шай орамал кепкенше.
Жаман адамның ашуы - басы көрге жеткенше.

Кешірімдімін кек сақтай бермеймін)
0 дауыс
Кешірімділік адамның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Мен кешірімдімін, бірақта кейбір кездері кешірмейтін кезде болады.
+1 дауыс

Кешірімділік - көңіл кеңдігі ме?

Иә. 

0 дауыс
Кейбір адамдарды кешірмеу керек. Өкінсін...
0 дауыс
Кешiрiмдiмiн ба бiлмедiм, әйтеуiр көңiлiм босағыш.
0 дауыс
Кешірімді болған жақсы ғой. Бірақ! іштегі өшпенділік өзіңді жегідей жейді.
+1 дауыс

«Өзін-өзі тану» пәні – адамгершілікке тәрбиелеу құралы.

«Өзін-өзі тану» пәні – адам өміріне бағыт бағдар, ақыл – кеңес, тәлім тәрбие беретін пән. Мен осы сабаққа қызыға қатысамын. Осы пәнде адам бойында өз-өзіне деген сенімділік, адалдық, адамгершілік, достық, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі оянады. Қазіргі заманда қылмыс, қатыгездік күшейіп тұрған кезде жастарды  мейрімділікке, қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға, кешірімді болуға тәрбиелейді.

Өкпе реніш болады әр адамда
Кешірімділік кездесер арасында
Реніш пенен өкпеге бой алдырмай
Бұл өмірде дос болайық, бірін – бірі алдамай.

Қарайық бір-бірімізге ізгілікпен
Сыйласып біз жүрейік тек құрметпен.
Үйлесер сол тірлікке кешірімділік
Отан сүйер жан болармыз шын жүректен.

Кешіре білу – мінездің көркемдігі
Жақсылыққа жол бастар дос-серігі
Кешірімшіл жандар көп өмірде
Үлкен-кіші жандардың ізгілігі.

Дина ТУГАНОВА
Бударин орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының 8-сынып оқушысы
Бударин ауылы, Ақжайық ауданы

http://baq.kz/regional_media/post/45628

0 дауыс
Негізі кешірімді болған дұрыс. Алланың өзі кешірімді Алладан асып кешірмей қайда барамыз... Өзім ашушаңмын тез жынданамын тез басыламын кейде өзімді тоқтаталмаймын. Сол мінезімнен бе білмеймін, біреу көңіліме тисе оны кешіре алмаймын. Кешіргеніммен сол адамды көрсем тағы да жыным ұстайды.
0 дауыс
кеңдігі ғой көңілдің!!!
0 дауыс
Кешире алмаймын.......................,,...........................
0 дауыс
Көңілдің кеңдігі болар сірә! Ойланып қарасам жақсы көретін адамдарымды ренжіткендерді кешіру мен үшін қиын. Ал тек өзіме қатысты болса ұмытып та кетемін ау шамасы)))
0 дауыс
Кейде кеширгин келгенмен кешире алмайтын кездер болады. Себеби журекте жаранын орны калады
0 дауыс
Кешірімді бола білу керек!!!
0 дауыс
Кешірімді бола білу керек! Себебі, мұсылманға үш күннен артық өкпелеуге болмайды.

Ұқсас сұрақтар

...