0 дауыс
3.4k көрілді
Кеуіп қалған тушты қалай жібітуге болады?

4 жауап

+3 дауыс

Тушь жиі жаңартуды қажет ететін косметикалық құралдардың қатарына кіреді. Тушь кеуіп қалғанда оны сұйылтып, ғұмырын ұзартуға болатынын қыздар жақсы біледі. Ал тушьты немен сұйылтқан дұрыс?

Жақсы, дәл сіздің кірпіктеріңізге сай тушь табу – нағыз бақыт. Алайда тушьтың қолдану мерзімі көп жағдайда ұзаққа созылмайды. Сүйікті косметикалық құрал құрғай бастағанда оны лақтыруға қимайтынымыз бар. Осы кезде оған түрлі сұйықтық қосып, сұйылтуға болады.

Тушь ұзақ мерзім қолданудан, ішіне тым көп ауа кіріп кеткендіктен кеуіп қалады. Қолдану мерзімі өтіп кеткен тушь кеуіп қалса, оны лақтырған жөн. Себебі мұндай тушьта бактериялар дами бастайды.

Ал әлі де қолдануға болатын тушьты құтқаруға болады. Ол үшін тушьтың құрамын оқыңыз.

Егер тушьтың негізгі құрамдас бөлігі парафин болса, тушь сауытын кішкене қыздырып көріңіз. Ол үшін стақанға ыстық су құйып, жабық тушьты суға салып қойыңыз. Артынан тушьты жақсылап сілкіңіз.

Тушь су негізінде жасалса, оған бірнеше тамшы дистилденген немесе минералды газсыз су қосу керек. Суды бір тамшыдан тамызып отырыңыз, бір артық тамшы су тушыңызды құртып қоя алады.

Қыздардың көбі тушьқа макияж кетіретін сұйықтықты қосады. Бұл косметикалық құрал мен тушьтың өндірушісі бір фирма болғаны дұрыс.

Линза киетін арулар линзаға арналған сұйықтықты тушьқа қосып көрсін. 

Сондай-ақ құрғап қалған тушьқа қарапайым көзге арналған тамшылар қосуға да рұқсат.

Әрине бұл әдістердің барлығы сіздің тушыңызды уақытша ғана құтқарады. Жақын арада жаңасын алғаныңыз дұрыс.

сілтеме

Тушь құрғап қалса...

Сүйікті тушьыңыз құрғап, қолдануға жарамай қалған сәттер болды ма? Тушьтың ғұмырын сәл болса да, ұзартып, косметикалық дүкенге барғанша ескісімен қолдануға болады. Ол үшін біздің кеңестерімізді қолданыңыз.

1. Ең бірінші және қарапайым жол – тушьты жылы су құйылған стақанға салу. Тушь жылып, сәл ериді. Бұл дауаны тушьты қолданудың дәл алдында жасаған дұрыс.

2. Екінші әдіс үшін сізге көзден макияж сүртетін сұйықтық қажет болады. Бірнеше тамшысын тушьқа тамызып, сәл күте тұрыңыз. Сұйықтық тушьты еріткеннен кейін, қолдануыңызға болады.

3. Кеуіп қалған тушьты көзге арналған медициналық тамшылармен де жібітуге болады екен. Оны тушьқа сәл тамызып, түнге қалдырып қойыңыз. Таңертең тушьты қолдануыңызға болады.

4. Тушьты құрамында спирті жоқ бетке арналған тоникпен де ерітуге болады. Ол тушьты ерітіп, сонымен қатар, оның жағылуын жеңіл қылып, кірпікте ұзаққа сақталатындай етеді. Айта кетсек, осылайша көзге арналған сүрмені қалпына келтіруге болады.

Осы айлалардың арқасында тушьты соңына дейін қолдануға болады. Алайда бұл кеңестерді тушьты күнделікті жақсаңыз ғана қолданыңыз. Сирек жағып жүрген тушь косметикаңыздың арасында жатқанына әжептеуір уақыт болса, оны ауыстырған жөн. Жалпы тушьтың бетін ашқаннан кейін, оның сақталу мерзімі – 4-ақ ай. Осы уақыттан кейін оған сырттан түрлі бактериялар кіріп, дами бастайды. Біздің кеңестерді тек қолыңызда жаңа тушь болмаған жағдайда қолданыңыз. Жақын арада дүкенге барып, жаңасын алғаныңыз дұрыс. Жаман, сапасы нашар, кеуіп қалған тушь көздің сезімталдығына әсер етіп, оған зиян тигізуі мүмкін.

сілтеме

0 дауыс
Жаңасын ала сал.
1. Ең бірінші және қарапайым жол – тушьты жылы су құйылған стақанға салу. Тушь жылып, сәл ериді. Бұл дауаны тушьты қолданудың дәл алдында жасаған дұрыс.
0 дауыс
мен әлі онша көп қолданбадым, мерекейдің тущы. үш мыңға сатып алып, қалай лақтырамын оны. мененен басқа адам қолданбайды, тек өзім болғасын таусылыпта болмаиды.
Онда амалын іздеп көр. Мен білмейді екенмін.
Белгісіз
0 дауыс
Біз бұрын духи сеуіп жібітетінбіз. Əрі күшті иіс шығып тұрады.
...