0 дауыс
387 көрілді
Американың Reason журналы 2015 жылға жасаған саяси болжамдарын жариялапты. Журналдың болжауынша, Батыс санкциясының соққысы мен мұнай бағасы арзандауынан құты қашқан Ресей тағы бір көрші елге агрессиялық басқыншылық жасауға әрекеттенеді. «Тағы бір көрші елдің» қай ел екені айтылмайды. Екінші Украина қай ел болмақ? Қалай ойлайсыз?

http://reason.com/archives/2014/12/22/political-predictions-for-2015

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір айналасында ондай Украина сияқты қарсы шығатын ел де қалмады-ау. Грузия да кетті өз жөнімен. Әзірше тыныш болатын шығар. Бірақ не істеседе соның жауапсыз қалмайтынын білуіміз керек. Тарихтан талай өмір сүрген Ресейден де мықты елдердің қалай құрығанын білеміз. Ертең Ресей тағы да бөлшектеліп құрамындағы автономиялы елдер бөлек шығып жатса таңғалуға болмайды. КСРО тараған соң да әлі ақылы кірмеген сияқты.
Жақсы жауап екен!)
+3 дауыс
Бүгін саяси сұрақтарды жаудырып жатырсыз ғой)) Саяси болжамдар жыл сайын жасалады ғой. Ресейдің мүлдем басқыншылық жасамауы да мүмкін. Екінші Украина біз болмайтынмыз анық. Дүрлігудің қажеті жоқ,
СЖ-дағы сұрақтардың салмағы жеңілдеп кетіпті. сосын қойып жатырм)))
–3 дауыс
Біріншіден, Ресей Федерациясы Украинаға агрессия, яғни соғыс жасаған жоқ. Украина өз ішінде өздері дүрлігіп жатыр. Екіншіден, саясаттан хабарың жоқ болса, кім болса соның айтқандарына сене берме. Үшіншіден, ондай өсек-аяңдарды Интернетке жариялап, басқаларды арандатудың қажеті жоқ.
0 дауыс
Украинаның ел болуы қиын.Өздерінің ішіндегі сыйластықты, татулықты жоғалтып алды.
0 дауыс
Ең бастысы- Қазақстан еш уақытта екінші Украина болмайды. Жаратқан оның бетінен ары қылсың. Украина ішіндегі бүлік халықтың мемлекетке деген қарсылығынан туды. Бұл бүліктен саяси аренада ешкім опа таппады. Әлемге үлкен мысал болды. Алдағы уақытта бұндай көтерулер болмас. Ресей ешкімге өздігінен ашық түрде агрессия танытпайды.
...