Қазақстан төртінші, бесінші сағаттық белдеулерде жатыр. №775 «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасы аумағы IV және V сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары IV белдеуде, ал қалған облыстар V белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы «облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін» жасалған. Қаулы облыстар әкімшілігі мен экономика және әділет министрлігімен келісілген.