+1 дауыс
Өткен жылға өкпеңіз бар ма?
01.01.2015 1.4k қаралым

14 жауап

0 дауыс
Менің жылым болғандықтан ба өкпем жоқ
01.01.2015
0 дауыс
Өкпем жылға жоқ, бірақ өмірге бар. Себебі дәл кеше ғана сүйгенім менен ренжісіп қалдым (қойыстым). Ондайда болады екен достар..! Кіріп келген жаңа жылдарыңыз бенен!
01.01.2015
+1 дауыс
Жақсылық пен жамандық қатар жүреді ғой, сондықтан өкпем жоқ. Көңілімді қалдырған бірнеше адамдар болмаса, барлығы жақсы болды (:
01.01.2015
0 дауыс
Тым тез кетіп қалды( Басқа өкпем жоқ...
01.01.2015
0 дауыс
"Өткенге өкінбе" дейді атам қазақ. Жыл жақсы болды. Тек бір құрдасым кенеттен қайтыс болды. Басқа жамандық болған жоқ.
01.01.2015
0 дауыс
Ешқандай өкпем жоқ .
01.01.2015
–1 дауыс

Жоқ бүйрегім бар

01.01.2015
хахахаххахахаха
–1 дауыс
Өкпем жоқ ешқандай. Өкпем қара қазандай.
01.01.2015
0 дауыс
Өткен жылға еш өкпем жоқ. Өмір сын мен сынақтан , қуаныш пен қайғыдан тұрады. Сондықтан, жылқы жылында жақсылыққа толы күндер де, жаман күндер де болды. Әйтсе де, арғымақ жыл армандаған мақсаттарыма жеткізіп, биіктің шыңына шығарды. Шүкір, ата-анам, апайым мен сіңілім ,жақындарым аман-есен. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Қой жылынан күтерім көп. Бұйырса, бұл жылда жемісті, жеңісті күндерге жеткізер. Ең бастысы отбасым жанымда болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
01.01.2015
0 дауыс
Бастысы аман есен денимиз сау болып откени
03.01.2015
0 дауыс
менде өкпе бар көөөөөп

сатам

кім алады????
03.01.2015
0 дауыс

Ең табысты жыл болды мен үшін! Және біздің еліміз үшін де )

Ал 2015 жыл былтырғы жылдан да жақсы болсын деп тілеймін!!!

03.01.2015
0 дауыс
Өткен 2014 жылы бастаған істерім сәтсіз болды, бірақ өкпем жоқ, кінә өзімнен, ешкіммен ақылдаспай іс бастаған.

Енді 2015-те жаңадан бастағалы тұрған жобаларым сәтті болады деген үміттемін.
03.01.2015
0 дауыс
Өткен жылға өкпем жоқ бірақ еш тірлік тындырмағаныма өз өзім іштей өкінем.
01.04.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы