Өткен жылға еш өкпем жоқ. Өмір сын мен сынақтан , қуаныш пен қайғыдан тұрады. Сондықтан, жылқы жылында жақсылыққа толы күндер де, жаман күндер де болды. Әйтсе де, арғымақ жыл армандаған мақсаттарыма жеткізіп, биіктің шыңына шығарды. Шүкір, ата-анам, апайым мен сіңілім ,жақындарым аман-есен. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Қой жылынан күтерім көп. Бұйырса, бұл жылда жемісті, жеңісті күндерге жеткізер. Ең бастысы отбасым жанымда болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.