+4 дауыс
480 көрілді
Мына жыл несі менен есіңізде қалды? Өміріңізде қандай ұмытылмас оқиға болды?

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Осы жылы "права" алдым. 

Осы жыл, қызық, шапқылау жылы болды десек болар.smiley

Осы жыл "мен алдандым" дейтіндей жыл болдыfrown

Осы жылы алғаш рет Балқаш көліне бардым!

Балқашқа баруды менде армандап жүрмін, ол жақ қалай екен?
Белгісіз
Жақсы. Жазғы Таңды теңіздің жағалауында қарсы алған керемет екен. Тек жалғыз жүрекпен емес..
+3 дауыс
Ауырғаныммен есімде қалды, қазірде ауырып жатырмын:) Бірақ осы жыл маған сәтті болды. Жарыстардан құр қайтпадым... Қысқасы осы жылға өкпем жоқ.
Жазылып кет..! Жаңа жылды зор денсаулық пенен күтiп ал.
Белгісіз
Әумин! Айтқаның келсін.
+3 дауыс
Осы жыл омiрiмдi түбегейлі өзгертіп жiбердi, әрине жақсы жағына. 2015 жылы одан да жақсы болмаққа сенiмiм мол. Баршанызды келер Жаңа Жылдарынызбен құттықтаймын!!!
Әрине жақсы болуына үміттенемін.! Өзің де жаңа жылды сәтті күтіп ал.
Белгісіз
+3 дауыс

Осы жыл маған көп сәттілік әкелді мәселен 2013 жылы Астанаға емделгенде натижесін 40% болса,2014 те барғанда 40% емделдім,енді 20% қалды осы жылы бұл аурудың толық көзі жойылады деген үміттеніп жүрмін.Ішім осы жаңа 2015 жылда көп жақсылық әкелетіне сенімдімін.Барлықтарыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын шын жүректен!smiley

+1 дауыс
10 жыл дос болып, бір үйдің адамындай болған досыммен ренжісіп, достығымыз бұзылды.... сол есімде қатты қалды....
+2 дауыс
Жаңа жұмыс орны, жаңа қызмет. Жыл жақсы өтті деп ойлаймын.
+1 дауыс
2014 Басы қатты аяғы сәтті болды)
+1 дауыс
осы жыл қалай өткенін білмей қалдым, тез өтіп кетті, көп алдандым осы жылы) Өміріме сабақ болардай, сонысымен есте қалды,  Аллаһ бұйыртса жақсы жаңалық күтемін 2015 жылы.
+3 дауыс
2014-жыл мен үшін - сәтсіздіктер жылы болды. Бірінші, ҰБТ қорытындысы. Екіншісі, өз қалаған мамандығым мен оқу орнына түсе алмағаным. Үшінші, өзім қаламаған мамандық пен оқу орнына түскенім. Жалпы айта берсем, оқуда ғана емес жеке мәселелер мен махаббатта да сәтсіздіктер орын алды... 2015-тен күтерім, жақсы бір мамандықпен универге түсу, түсе алмай қалған жағдайда армияға кетемін, Құдай қаласа! 2015-жыл өткен жылдың антонимі болады деп сенемін, Құдай соған жеткізсін!
+2 дауыс
Бұл жыл мен үшін сәтті болды.
+1 дауыс
Арманыма бір қадам жақындадым...
+1 дауыс
2014 Диплом алдым. Екі рет операция жасаттым. Алғаш рет некеге Куәгер болдым.. Махаббатта теріс жауап алдым, қайта сол "жоқ" дегені жақсы болды) Іздеп жүрген сауалдарыма жауап алдым. Жалпы осы)
0 дауыс
Осы жылы мен  үшін  шүкір  жақсы болды . Зайсан мен Атырау аралығын қыдырдым !
+1 дауыс
Біз кездескелі бүгін тура бір жол болыпты. Есіңде ме біз кездескен күн? Сен маған көптеген уәде бергенсің: бақыт сыйлаймын, сәттілік әкелемін деп... Сол кезде сенімен бірге өткізетін уақытым әлі ұзақ деп ойлап едім. Міне, бүгін келмеске кеткелі тұрсың( Сені кездестіргелі көп ой түйдім. Бір жасқа есейдім. Маған бергендерің үшін де, бере алмағандарың үшін де көп рахмет! Қош бол, 2014!
...