+1 дауыс
1.9k көрілді
Жұмыс бастауға қаражат аз жұмсалатын бизнестер тiзiмi қажет? Ойларыңызға түскен кiшiгiрiм бизнес түрлерiн жаза кетсеңiздер...

7 жауап

+1 дауыс
Продукт.пит сату тек Киоскіден (нан, мал егін өнімдері), Услуга тек Бутиктен (сотка комп ноут ондау өңдеу жөндеу)!
+1 дауыс
Негізі ең аз қаражат жұмсалатын бизнес түрі қызмет көсету (услуга), (қолыңыздан не келеді, меніңше ИТ саласынан мығым сияқтысыз, сол саладан жұмыс жасауға болады ғой)
+1 дауыс
Кез келген бизнес не коммерция көп қаржыны талап етеді. Аз қаржымен шаштараз ашуға болады.
+1 дауыс
Авторы мен емес. Жоба: Дөнер Кебаб жүрекжалғар ашу Жоба мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына жылдам дайындалатын, арзан, әрі дәмді, сонымен қатар пайдалы тағам ұсыну. Өнімділігі: күніне 100 дөнер. Өнім: Дөнер Кебаб Жобаның құны: 1 млн теңге Өзін өзі ақтауы: 2-3 ай Жобаның мәні: Тағам – мәңгілік бизнес! Дөнер Кебабтың артықшылығы жылдам әрі дәмді дайындалады. Ал бастысы өте тойымды. Бағасы да арзан. Оны көбіне жұмысбасты адамдар тұтынады. 1 сағат бойы түскі ас ішуге уақыты жоқ жандарға тез тамақтануына, немесе жолда жеуіне ыңғайлы. Және бұл тағам талайлардың жәй ғана сүйікті асына айналып үлгерді. Меню: • Дөнер Кебаб • Қымыз • Айран • Газдалған басқа да сусындар • Бауырсақ Маркетингтік сараптама: Халық чебурек, самасдан жалықты, немесе олар сапасыз, сондықтан жемейді. Фаст-вудтың да зиян екенін біледі. Аса бас қатырып қажеті жоқ, жәй ғана бұл тағам модаға айналды. Сұраныс бар! Стратегия: Ашатын жерді дұрыс таңдай білсең аса жарнаманы да қажет етпейді. Телефон арқылы тапсырыс қабылдап, жеткізіп беру қызметін іске қосу керек. Шикізат алу үшін жергілікті құс фабрикасымен және қымыз өндіретін, сусындар сататын компаниялармен келісімге тұру керек. Сапалы көкөніс сататын точка табу(саяжайшылармен келісуге болады). Қаржы құю: Жер арендасы(54 кв\м), егер мемлекеттік жер болса компейка тұрады. Жүрекжалғарға бутик салу, егер таныстарға жатса 500 мың теңге, ал оның ішіне үстел, орындық тағы басқаларын алу үшін 200 мыңдай кетер. Дөнер Кебаб дайындайтын құрылғы комплектте 300 мың теңге. Тоңазытқыш пен бутикті әрлейтін баннерлер Кока-Коладан тегін алуға болады.) Қызметкер: Бір тәжірибелі нағыз шебер азпаз болса, сол жетеді. Түрік болса, тіпті қатып кетер еді. Табыс: Я бәрімізді қызықтыратын осы. Қанша табыс табуға болады? Байып кетуге жетпесе де, қалтаңды қампитады. Тойымды Дөнердің өзінің құны 300 тг, сен үстіне 100 тг қосып сатасың. Яғни бір Дөнерден пайда 100 тг. Бір күнде 100 дөнер сатуға болады. Яғни 10 000 тг. Бір айда 300 000 тг. Минус қызметшіге 100 000 тг. Өз қалтаңа 200 000 тг қалады. Бұл минимуммен есептегенде. Плюс шырындардан түсетін пайда бар. Минус салық(оны әзірше қақпаймын). Ал қалай?
Тамаша ғой мына идеаң дер едiм бiрақ мен ауылда тұрамын, 300-теңгеге донердi ешкiм алмайды.
+1 дауыс
Налоговый отчет тапсырып беретін бутик ашып қой, компьютерінмен интернет болса салық,кз игеріп кету қиын емес, ал оны тапсыра алмайтындар көөөп, ИП - ны барлық таксилер, базардағы барлық бутиктер, бүкір магазиндер, шаштараздар барлығы ИП тапсырады, соны  кварталға 500 тг тапсырып берсен, 1 жылға 1000 деп қойсан да болады, келетіндер көп болады жақсылап реклама жасап жіберсен.
+1 дауыс
Ең аз қаражат жұмсалатын жұмыс түрі- шаштараз жұмысы.Бірақта көп ақшамен жұмыс орын ашсаңыз, өзіңізге пайдалы.Шығын шықпай, кіріс келмейді.
+2 дауыс
Менде бірнеше жылдан бері бизнес аша алмай келемін.

Қазір ойда бірнеше проект бар, қандай екенін айта алмаймын әзірге, бірақ бір айтарым алғашқы қаржысыз бизнес бастағың келсе интернет арқылы баста. Болашағы зор.

Бутик ашуға кеңес бере алмаймын.

Өйткені 2012 жылы бутик ашамдап күйіп кеттім, 2014 жылы жыл басында кредит алып тағыда бутик ашып едім, осы жолы да сауда болмады, қазір фирменный дүкендер көбейіп кеткен, олармен конкуренция жасау қиын.

Егер ауылда тұратын болсаң госзакуппен айналысуға болады. 2010 - 2011 жж мемсатып алумен айналыстым, жақсы пайда табуға болады. мектептерді, мекемеледі азық-түлікпен, канцтовармен  қамтамасыз ету.
...