+1 дауыс
636 көрілді

Қазір мені танитын қолданушыларда қалмаған шығар. Бар болса да оннан әрі аса қоймас. 11-сыныпқа аяқ басқаннан кейін ғаламторға тәуелділік 24 сағатқа жалғасуын қойды. СЖ-ға да кірмей кеттім. Бас сұққан күннің өзінде де самсаған сұрақтарға жауап беруге көңілімнің қошы бола бермейді. Кейде бірен-саранын түртіп кететінім бар.


СЖ әлеміне қол созуға бөгет болған екінші нәрсе: түпкілікті түрде блог табалдырығын аттауымнан туындады. Яғни, білетін жұртқа блоггер ретінде де танымалдылығым бар. Осы сара жолда жүру арқылы КАЗНЕТКЕ төңкерліс әкелуді көздеп жүрмін. Бәлкім, қазақ блоггерлері де ғаламтор аренасында үлкен күш-қуатқа ие болатын шығар.

Баяғы жартас, сол жартас екен. Ішкі дизайн мен қолданушылардың өзгерісінен басқа артық ештеңе байқалмайды. Әлде, мен қателестім бе?!

Әңгіменің қысқасы, әзірге тірімін. БАР ЕКЕНІМДІ ҰМЫТПАСАҢЫЗДАР БОЛҒАНЫ!!!

18 жауап

+1 дауыс
Жақсы жарнама болды))
Бұл жарнама емес Автоблог деп аталады!
+2 дауыс
Жағдайың өте қиын екен...
иа ішкі эгоизмі...)))
–1 дауыс
Ұмытпаспыз......
0 дауыс
Төнкеріс деген не қазақ блогерлерінің ханы боласыңба?
Есіңде болсын, белгілі бір саланың ханы болмайды! Тек қана үздіктері болады. Төңкеріс деген жаңа серпіліс деген ұғымды білдіреді.
0 дауыс

....................smiley

0 дауыс
)) Ұмытпаймыз.Ұмытпаймыз.
0 дауыс
Ақшұқыр адайы болып танылған жоқсын ба бұрын ұмытпас сені!
+1 дауыс

Марат сенің орның сайтта ерекше. Сайтқа жиі-жиі бас сұғып тұр. smiley Біз де көпішіліктен қалмай Блог жүйесін дайындап жатырмыз. Құдай қаласа келесі айдың ортасына қарай дайын болып қалар.

Үнді досым қазір Блог жүйесін аяқтап қалды. Бітірген соң сайтта қосатын боламыз. Әрбір қолданушы Сұрақ-Жауаптан бөлек Блог жүргізсе болады.

Одан бөлек менің бұрыннан келе жатқан арманым СЖ-ның Android-қа арналған қосымшасын жасату. Құдай қаласа алдағы уақытта ең басты іске-асыратын жұмысым сол болмақ.

Сайтымызды ұмытпай жиі-жиі бас сұғып тұр. Сайтта сенің орның бөлек, білгеніңмен бөлісіп жүретін керемет жігітсің. 

Одан сұрай салыңыз келін сериалы қашан бітеді?
Иә, сұрап алу керек.
Кіремін ғой, Ереке! Блог бөлімі енгізілсе күніге үн қосатында шығармын!!!
+2 дауыс
ӨЗіңді жұлдыз санап кеткендеймісің ха ха
0 дауыс
сұрақ жауап деген сайтта жүрсің да, қайда болушы еді? Блоггер болсашы мында не ғыласың? )))) @Орынбасар мен қате жазып қойдым келіп түзетіп кет мені қа қа
Қақа дегенді рұқсатсыз қолдануға болмайды)
хмм                                      .
0 дауыс
Мәке сені ұмытпаймыз.
0 дауыс
Әркімге өзі айналысып жүрген ісі бәрінен де артық көрінеді ))
0 дауыс
вк пабликтеріне қуып кеткен бірденелер жазатын емессің ба?)) аман бол)) ҰБТ жақсы тапсырып шық
Хехе ))))
Жазылған дүниелерді әркім сана сезіміне қарай қабылдайды деген бар емес пе? Қалай жазылса да бір ауыз сөзден бірдеңе ұғынсаңдар болғаны.
0 дауыс
Сенің кейде инет-батыр, ақылды-сымақ болып кететінің болмаса, былай жақсы жігітсің. Басқаны ұмытсақ та сені ұмытпаймыз ғой, аты-жөніңді ВК-да да көріп қуанып қаламыз СЖ сайтының модері деп :) СЖ-ға кіріп шулатып тұр анда-санда :)
Адам айналасын көре жүріп өзін түзейді. Сондықтан, батыр не ақылдысымақ болайын қателіктерді көргеннен соң көз жұмып тұру асқан ақымақтық.
Сенің мына философиялық пікіріңнен дым түсінбедім.
–1 дауыс
Сен кімсің?????????????
...