Қазір мені танитын қолданушыларда қалмаған шығар. Бар болса да оннан әрі аса қоймас. 11-сыныпқа аяқ басқаннан кейін ғаламторға тәуелділік 24 сағатқа жалғасуын қойды. СЖ-ға да кірмей кеттім. Бас сұққан күннің өзінде де самсаған сұрақтарға жауап беруге көңілімнің қошы бола бермейді. Кейде бірен-саранын түртіп кететінім бар.
СЖ әлеміне қол созуға бөгет болған екінші нәрсе: түпкілікті түрде блог табалдырығын аттауымнан туындады. Яғни, білетін жұртқа блоггер ретінде де танымалдылығым бар. Осы сара жолда жүру арқылы КАЗНЕТКЕ төңкерліс әкелуді көздеп жүрмін. Бәлкім, қазақ блоггерлері де ғаламтор аренасында үлкен күш-қуатқа ие болатын шығар.
Баяғы жартас, сол жартас екен. Ішкі дизайн мен қолданушылардың өзгерісінен басқа артық ештеңе байқалмайды. Әлде, мен қателестім бе?!
Әңгіменің қысқасы, әзірге тірімін. БАР ЕКЕНІМДІ ҰМЫТПАСАҢЫЗДАР БОЛҒАНЫ!!!