+2 дауыс
10.1k көрілді
Сағат 12-ден кейін құрбымды туған күнімен құттықтайын деп  едім, соған қатысты ерекше құттықтаулар керек еді. Ол менің ең жақын құрбым, Есімі Перизат. Өтінем өлең шумақтар болса да, кәдімгі қара сөз болса да арасында әдемі сөздері бар құттықтаулар керек болып жатыр. Жауаптарыңызға Алдын ала рахмет))))))))))))))))))))

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Туылған күніңмен Перизат- асылЫЫМммм!
Ару да асыл, аяулы едің, жас құрбым.
Ғұмырың ұзақ, езуіңнен күлкі кетпесін,
Тілеймін шаттық, тілеймін өмір пәктігін!

Перизат - құрбым, пайдасыз мұңға бой суыт,
Табыспен өтсін әр жылдар менен әр минут!
Жасыңа - жас, бағыңа - бақ, бақыт, нұр,
Шын жүректен, Петрушкаң сенің - Жақсыгул!_)     (" Петрушка" орнын өзге сөзбен толықтыра аласыз_)))
+5 дауыс
ақ тілек, шат күлкіңмен нұрланды күн
 жол салған қуанышқа думан бүгін
тілеймін аппақ гүлдей ақ тілекті
асыл досым құтты болсын туған күнің
+6 дауыс
Ешқашан Вирус кірмейтін система
4 гегабайт оперативка
Жанып кетпейтін видеокарта,
бұзылмайтын клавиатура
Тышқаныңыз мәңгі бірге
Мегалайын, үзілмейтін интернет
Тілеймін бәрін саған Перизат

Әзілім ғой шынымен солай айтып  жүрмеңіз(rofl)
ха-ха-ха
vvvwww  Сіздің ақындық қасиетіңіз бар екенін енді біліп ятырмын...

Негізі мына өлеңді жазар алдында шабыттанып отырған шығарсыз...ә
+3 дауыс
құрбың неше жасқа толайын деп жатыр http://kuttybolsyn.kz/ сайтында тілектер көп қой
+4 дауыс
Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін
...