+1 дауыс
767 көрілді
Маселен, қызметтестеріңның ортасында біреудің сырттан келген досы саған сыртқа шығып магазиннен бірдеңе акеп берші деп сені балаша Жұмсап қатты ыңғайсыздандырса, әрі ол өзіңнен денелі болса қайту керек?

Менде осындай жағдай болған. Мен тек үндемей, орныма барып естімегендей өз жұмысымды істей бердім. Бірақ қатты ашуым түсті. Әлі  ойласам өз өзімнен жыным ұстайды.

Мен ешкімге ұрсып, не айғайлап көрмептім. Оны тек нашар адам деп  екінші сөйлеспей кеттім

7 жауап

+2 дауыс
Өзiңнен үлкен болса ештеңе етпейдi. Ал өзiңмен қатарлас араларың 1-2-жас ғана болса, қолым бос емес дей сал, ал егер оған зәру болса, шығуға мүмкiндiгi болмай тұрса, затын алып келiп бергеннен абыройың түсiп қалмайды.
Ол менімен қарайлас. Әрі жәй отырып бұйырып отыр. Қара күштің иесі. Сол күшіне сүйеніп отыр. Әрі менің жуастығымді білген ғой.
осындай нашар адамдар мінезді бұзып болады.
Осындай да айтып тастайтын бір ауыз сөз болса, Немесе атып тастайтын қару мен оқ болса шіркін.
Қара күштiң иелерiнде жүрек немесе тiл болмайды. Қарудың қажетi жоқ, тiл керек, тауып-тауып сөйлесең, оның сенi ұруға батылы бармайды.
Иә, дұрыс. Рақмет.
Тек сөзге шешен болу керек. Өз уақытында айтып тастау керек екен.
+1 дауыс
Барып келсең ештеңең кетпейді ал ол сен менен қатар болса, егер кіші болса „інім қолым бос емес” дей сал.
Менімен жаста. Денесі сап сау. Ерігіп отырып жұмсап отыр.
Егер барып келсем сосын жұмсай береді ғой
Дым қоймай жатса адамдардың алдында неге осылай істеп жатқанын сұрап білуің керек. Сонда адамдарға оның жүзін әшкаралап тастауға мүмкіндік болады. Бұл уақытта достарың сенің жаның (сен жақ болады) алады.
Белгісіз
Freedomның сөзіне қосылам, шынымен тіл керек. Мен де соны айтпақ болғам.
Белгісіз
Дұрыс. Рақмет
0 дауыс
Жасы үлкен болса, барғаның дұрыс. Ол сені "інім" деп сыйлайтын болады.
0 дауыс
мүжіп сұра неге сені жұмсап тұрғанын!
0 дауыс
Өзің әкеліп ал саған керек болса дер едім
жақсы жауап
0 дауыс
Уайымдама! Мен де бұрын "иә, иә" деп жүре беретін едім, қазір "жоқ, жоқ" деп жүре беремін.
0 дауыс
аҒан апан анан әкен атан жумсаса айтканын орында ал сенен кіші әлде 1 жаска улкен мен олардын айтканын орындамас едым
...