0 дауыс
8.3k көрілді
Қазақстанда ұлттық деген қандай мағынаны білдіреді?

мысалы,

"Ұлттық арна","ұлттық шоу" - бұларға қарасақ " Қазақ  ұлтының, Қазақ тілінге" деген мағына шығады.

ал сонда "мемлекеттік" десе Қазақ тілінде болмағанаы ғой? Мемлекеттік тіл Қазақ тілі, мемлекеттік ұлт Қазақ ұлты емес пе еді?

енді  "ұлттық футлол командасында" тек қазақтар емес. керісінше қазақтар аз, орыстар көп.

сонда ұлттық деген сөзді немінеге қолданып жүрміз? түк түсінсем бұйырмасын!

3 жауап

+1 дауыс
Ұлттық деген біздің ұлтымызды көрсететін бетке ұстарлары деген мағынада қолданылатын шығар. Біздің ұлтқа тиесілі деген. Негізі басқа елдердің бәрінде National деген термин көп қолданылады. Біздің елде диаспоралар көп қой. Сондықтан ұлттық дегенде кей кезде тек қазақ ұлтын меңземеуі мүмкін.
Сізге қосылам !
–1 дауыс
Ұлттық деген Ұлттық ғой қазақсыңба өзің?
сен өзің қазақсың ба? Менің жоғарыдағы сұрағымды оқып түсіне алмадың ба?
Кеңес үкіметі кезінде ұлттық деген сөз әр ұлттікі деген мағынаны білдіретін. Ал қазыр тек Қазақ дегенді білдіріп жүрген сияқты. Мысалы, "ұлттық арна". Енді сұрағымды түсіне алдың ба?
0 дауыс
Ұлттық деген ұлтқа байланысты.
Иә, дұрыс. Онда ұлттық команда деген қалай? Ұлттық арна дегенші? соның бәрі Қазақтікі дегенді білдіреді ғой Иә? меніңше бұның бәрі кеңес үкіметінен қалып кеткен көз қарас. Біз қазыр мемлект болдық қой. Негізі ұлттық деп Қазақ ұлтынан басқа ұлтты айту керек. Ал біз мемлекеттің негізгі ұлтымыз.
...