+1 дауыс
23.9k көрілді
Ер азаматтардың ұлттық киімі? Ер азаматтар киген ұлттық киімдер не деп аталған? Олардың құрылысы қандай? (киілу басқышы қандай). Қандай ұлттық киімдерді білесіз?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жоғары Ертіс өңірінің қазақтары жейде, оның сыртынан бешпет, камзол киген. Оларды мақта матадан немесе жүннен тоқылған матадан, мақпалдан, барқыттан тіккен. ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы ерлер киімінің ішіндегі ең көп тарағаны – ұзын және кең жеңді мол пішілген шапан.

Тұлып тон – қыстық сырт киім. Оны қой терілерінен жүнін ішіне қаратып жасаған. Байлар оны қырқылмаған қозы терісі – сеңсеңнен тіккен. Сондай-ақ түлкі, қасқыр терісін және басқа да бағалы аң терілерін матамен тыстап тігілетін ішік тондар да кең тараған.

Сыртқы шалбарлар мақта матадан немесе жүн матадан тігілген. Қысқы шалбар ешкі терісінен тігілген. Байлардың мұндай тері шалбарлары жібекпен, оюмен сәнделген.

Ерлердің бас киімінен ою-өрнек салынған тақияны, түрлі-түсті мәуіті, барқыт жолақтармен сәнделген, ал байларда – жібекпен және "алтынмен" тігіп кестеленген жұқа киіз қалпақтарды атап өткен жөн.  Жылы бас киімдерден қой жүнінен астары бар бөріктер кеңірек тараған, сонымен бірге негізі киізден жасалып, матамен тысталған, терімен жұрындалған тымақтың алатын орны ерекше. Елтірі әдіптер,  ал ауқаттыларда  түлкі терісінен жасалған әдіптер басым келген.

0 дауыс
Шапан,етік,тақия
0 дауыс
Тақия, бөрік, тымақ, шапан, сырмақ, ішік, тон.
0 дауыс
Малақай, құлақшан
...