+1 дауыс
795 көрілді
Өзім Қазақстан азаматымын. Ал қалыңдығым қытай азаматшасы. Екеуіміз де Қазақпыз. жақында үйленбекшіміз.

менің сұрайын дегенім, ол осында үйленсе неке куәлігін ала ала ма? неке куәлігін алған соң азаматтыққа өте ала ма?

Енді өздеріңіз де білесіздер, алдымен азамматтыққа өту өте ұзаққа созылады. аз болғанда 4 жыл. оралмандардың өзіне заң бірнеше рет өзгерді. біресе 4 жыл, біресе 1 жыл. қазыр қалай болғанын ешкім де анық білмейді.

осы туралы ақпаратты қайдан білуге болады?
Той куәлігі емес, неке куәлігі шығар.
иә, қателігімді түзеттім.

2 жауап

0 дауыс
АХАЖ-ға(ЗАГС) барып анық-қанығын білгеніңіз жөн шығар.
+1 дауыс

Қажетті құжаттар:

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушілер:

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін мыналарды ұсынады:

Өтініш беруші еркін нысанда толтыратын жеке өтініш.
Бланкісін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш.
3,5x4,5 см мөлшердегі төрт фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс).
Бланкісін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме.
Соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама.
Мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
Басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама.

Ескертпе: мемлекеттік бажды төлеуден:

Оралмандар (мемлекеттік баж төлеуден босату мүмкіндігі бір рет беріледі).
 

Санамаланған құжаттардан басқа қосымша:

Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайының (зайыбының) жеке куәлігін; неке туралы куәліктің көшірмесін, бұрын азаматтығында тұрған мемлекеттің құзыретті органы беретін бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы.

...