+2 дауыс
4.1k көрілді
Легенда деген аңыз, ал Миф деген не,

5 жауап

+1 дауыс
Легенда - қазақша аңыз, болған оқиғаны әсірелеп өзгертіп айту. Ал миф өмірде болмаған, бір нәрсені ертегі түрінде түсіндіру. Мысалы, аспанды бір Атлант деген батыр ұстап тұр деген сияқты.
+1 дауыс
Миф деген ойдан шығарылған әңгіме ғой. Ал легенда (аңыз) негiзiнен өмірде болған шындықка жанасатын хикаят. Осылай түсінем.
+1 дауыс
Легенда - аңыз, оның болған болмағаны дәлелденбеген, оған сенушілер және сенбейтіндер бар. Ал Миф - сол легенданың синонимы, меніңше жоққа шығарылған немесе рас екені дәлелденген.  Мысалы, "научные мифы" деген бар, адамдардың арасында "найзағай бір түскен жеріне екі рет түспейді" деген миф бар - бұл жалған. Яғни ғылыми түрде дәлелденген, Empire State ғимаратына жылына орташа 25 рет найзағай ұрып тұрады.
+1 дауыс
Миф деген ол аңызға айналған оқиғалар т.б-дың фантастикалық түрде берілуі. Ал, легенда деген тарихи оқиғаларға негізделу арқылы жеткен.
+1 дауыс
Негізі екеуінің нақты шекарасы жоқ, бір-біріне кірігіп жатырған ұғымдар, дегенмен басты айырмасы сенімде болса керек. Мысалы, қазіргі заманғы мифтерді алып қарайық "Бермуд үштағаны", "Лох Несс құбыжығы" т.б. ол сенетіндерге легенда болса, сенбейтіндерге миф
...