+2 дауыс
772 көрілді
менің жазған өлеңдерімнің бір

адам үшін достықтың бір мәні бар

ондай адам әр адамда табылар

сол адамды мұратыңдай сақтасаң

қиын кезде демеу болар бұл адам

қанатсыз періште болмайды дер

ал досыңның көрінбейтін қанаты бар

жұлдыздай жарқыраған кездеріңде

досыңды ұмытпасаң дұрыс болар

ал жұлдызың өшсе егер, түнек болса

сен қайғырма ,үміт қалмас досың барда

14 жауап

+1 дауыс
Ұйқастың қай түрімен шығардыңыз екен?
0 дауыс
Басын жақсы-ақ бастапсың, ортасын айныпсың. Ұйқастық жоқ және жеткiзiп бере алмадың.
–1 дауыс
Жаман емес талпына бер) Әдеби кітаптар көп оқы
–1 дауыс
Шынына келсем ,қазақ тілін жақсы менгерген адам емеспін ,өз басым орыс тілінде кітап оқығанды сүйемін, өлең шығаруды арнайы ұйренген емеспін ,сондықтанда кешірім етіңіздер.
Қазақ өлеңдерінде ұйқас түрлері және өлең түрлері болады. Соларға бір шолуыңыз керек. Шумақтағы буындар санынан бастап өлеңнің тақырыптан ауытқамауына дейін мән беру керек. Кейбір өлеңдерге қарасаңыз:
Күміс құман-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен
Ашып жұмған-ай.
Ұйқас болғанымен күміс кұман мен көздің еш байланысы жоқ.
Абай Құнанбаев атамыз тауып айтқан өсиеті бар:
   
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанып жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Казаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, кызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.

Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.

Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».

Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Талабыңызға нұр жаусын!
0 дауыс
Қазақша білмесең өлең шығарып нең бар, мынауың өлең емес қой
–2 дауыс
Өлең нашарлау.Қазақ тілін дұрыс меңгеруің қажет, өлеңдерді көп оқуың қажет.
0 дауыс
Жаман емес!Кейбір тұстары сәл келіспейді, бірақ ештеңе етпейді. Көркем әдебиетті  көп оқы. Талабыңа нұр жаусын!
–1 дауыс
Ақындықты енді бастап келе жатсаң мына өлеңің жаман емес. Талпынсаң керемет ақын болатын сияқтысың. Оқы! Ізден! Үйрен!
–1 дауыс
Маған ұнады. Көшіріп алайын.
0 дауыс

Негізі өлең шығару үшін таланттың да болғаны жақсы еді....

–1 дауыс
Өлең шығару үлкен өнер. Сондықтан дамыт дегеннен басқа ештеңе айтпаймын. Бастамасы жаман емес
+1 дауыс
болды ұнады кетті Вкға !
+1 дауыс
Керемет жазыпсың, базар жоқ. махаббат туралы жазған әндерiң бар ма?
–1 дауыс
Бастамасы жақсы,ал жаман дегендер өздері бұлай шығара алады деп ойламаймын.Мына жерде Керемет ақындар жоқ қой?!
"Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер" деп өзі сұрап тұр. Ұнамаса да "жақсы, керемет" дей беретін болсақ не болады?
Әр сөзіме киліге бермеңіз.…
Ұнамаса да жақсы керемет дейберіңіздер дедім бе?!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...