+4 дауыс
2.9k көрілді

Исламда осылай айтылған бола тұра неге елбасымызды сыйламайтындар көп? 

Кім президентімізді силамаймыз депті?
Таксистер))
Елбасыны сыйламайтындар өте көп шынымен де. Интернеттің әр тұстарын ақтарып отырсаңыз да байқай аласыз.

22 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өздері дым бітіре алмай жүргендер алдындағы басшысын жамандайды.
+2 дауыс
Патша кiм болса да, басқа дiн өкiлi болса да, бiз ол кiсi жәйлi жаман сөз айтуға құқығымыз жоқ.
Post Scriptum:Бiзде үндемейдi ғой тағым, Өзбекiстанда елбасы Каримовты жамандап қалса сол кезде қамап тастай салады...
Красотка карлоит недеген сауатсыз жазасыз. Тіркелген уақытта FAQды оқу керек қой. Бәрі қате не бас әріп жоқ, не қазақша әріптер жоқ.
Білгіш сымақ.
+2 дауыс
Біз бақты халқпыз ! Қаншама халықтар басқа бір ұлтің езгісінде жұр өмірі өздерның ел басы кім болтынын білмейтын патша ұғымы жоқ ұлттар қаншама ...шете болсаңыз отаның ел басының ұлтыңның қадырне жетесың ! Қазақ айтқан ғой қолда бар алтының қадыры жоқ деп ... Ел басын жамандағандар менше топас адамдар
Дұрыс айтасыз, Самархан. Біз қазір ол кісінің қадірін білмей отырмыз.
Красотка карлоит недеген сауатсыз жазасыз. Тіркелген уақытта FAQды оқу керек қой. Бәрі қате не бас әріп жоқ, не қазақша әріптер жоқ.
Орынбасар болмаса, кіші әріппен жазылып кішірейіп қалған қазақ тіліне кімнің жаны ашиды?! Нағыз модератор болатын-ақ адам))
Жаннара төмендегі жағдайға үңілсеңіз, бұл ойыңыздан бас тартып қалуыңыңыз мүмкін.
Самархан. Жазған сөздеріңнің бәрі қате. Өңдейғой.
немене акыл уйретейын дедын ба?мен де казакша шрифт жок,очкиынды суртып жур,тусындын ба? е
Қазақша әріпің жоқ болса маған нағылдейсің?
+1 дауыс
Көзі ашық, көңілі ояу адамдар, (причем тут ислам)
Назарбаев ұлтшыл боп кімді қырып жойыпты? Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті шамалы. Жауап берудің қажеті жоқ деп таптым. Мүмкін жүректе иман болмағасын ба, адамдар басқалардың алдымен кемшілігін ғана көреді екен ғой.
жоқ мен тек мысалға дедім, сондай адам келсе (Назарбаевты айтқан жоқпын)
Тарихта ондай мемлекет басшылары жетерлік қой, мысалы Гитлер оны біз сыйлауымыз керек пе?
Немістердің 70 пайызы мұсылман емес! Сондықтан сыйламаса да болады. Сізге біреудің басшысын емес, ӨЗ БАСШЫҢЫЗДЫ сыйла деп жатыр ғой хадисте! Өзін сыйламаған біреуді сыйлап жарытсын ба!! Бүкіл әлем қанішер деген Гитлерді немістер соншалықты қолдады ғой кезінде. Бүкіл әлем ұлы саясаткер, көреген көшбасшы ретінде мойындаған басшымыздың төрдегі басын көрге сүйреп әлекпіз....
ZhanNara  қолданушы, Қысқасы саяси ұстанымыз жағынан да, діни сеніміміз жағынан да ойымыз қарама-қайшы екен, бұл жерден сөз таластыра берген басқа қолданушылардан ыңғайсыз болады, айтатын ойлрыңыз болса жеке хат жазуға хабарласуға болады
Жоқ, рахмет! Жеке хат жазатындай бүлініп кеткен ештеңе жоқ, жай пікір қайшылығы. Осы жерде ойымыз бір жерден шыққан сияқты.
Көреген болса биліктен өз еркімен кетіп басқа елдердегідей, ізбасарларын қоя салмай ма, ел басқаратын жақсы саясаткерлер барғой айналасында
+2 дауыс
Оны көбіне таксисттер жамандайды.
Қосыламын.
+3 дауыс

Назарбаев Нұрсұлтан өте көреген басшы дегім келеді бұл менің пікірім.

Бірәзі жамандағысы келіп отырғаны рас шығар бірақ іштен тынады. Көшеде таксистерден естіп қаламын жамандап өсектеп жататын бірақ, оған онша мән беріпте қарамаймын.

Дегенмен,қазақ халқының тұңғыш ел басқарған азаматтың қалай мақтасақта жарасады.

Өсер елдің ұлан бірін - бірі батыр дейді, өспейтін елдің ұландары бірін - бірі қатын дейді.

Қазақ халқым батыр болайық.

+4 дауыс

Елбасы жайлы ойларым, жиған-тергендерім...

Назарбаев сайқал саясатта елінің пайдасы үшін бәріне барады, сондықтан оған саясаткерлердің қойған аты - "қутүлкі". Билік басында жаулары да аз емес, соңғы кездері Назарбаев биліктен кетсе орнына кім қалатындығы жайлы шыққан талас әлі күнге дейін жалғасуда. Ол жайлы өсектер тым көп болғандықтан оған жалған жала жапқыштар көп: баласы бар, қазір екінші сыныпты, 3 әйелі бар, соңғысы тіпті "Мисс Казахстанның" иегері, диктаторлық режимде отыр, оппозиция серкелерін құртып жатыр, т.с.с. Кейбіреулері  расқа да айналатын сияқты, тек... тек Президент өлгенде.

М.Әблязов "күнәсіз, кіршіксіз" емес, бірақ Назарбаевтың жеке жауы деген пікір де жөнге келеді, YouTuve желісіндегі видеоларда мұны толық дәлелдеп шығыпты. Мүмкін, бәрі мүмкін.

"Заманбек Нұрқаділов өзін өзі пистолетпен үш рет атып, үстіне ақ жаймасын жамылып өліпті" деген диагноз қандай сорақы болса, "Евгений Жовтис көлігімен ішпей шекпей бір адамды қараңғыда қағып өлтіре жаздаған" деген одан да сорақы. Биліктің құпияларының сәл дәмін татып иісін сезгендерді түрмеге тоғытты. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы "ЖасАлаштың" нөмірлерін оқысаңыздар, Сталин билік еткен кездегі КСРО тарихын қайта оқығандай боласыздар.

 Бірақ "саяси көзі ашық деген қазақ интеллигенциясының таңдаулыларын жою - тек оларға құдыреті жететін біреудің ісі" деген пікірге келісемін. Мүмкін Назарбаевтың өзі де басқа себептермен қудалаған болар.

Былайша ел көзіне үш қыздың әкесі, кілең оңбаған күйеу балаларға тап болатын, балажан да қамқор-ақ адам. Өйткені ол ел санасына, идеологиясына солай сіңіріп үлгерді. Қай жарнаманы, қай кітапты алып қарасаң да Елбасы жайлы бір артық ауыз сөз жоқ. Соған қарасаң мүмкін Нұрсұлтан ағамыздың ешқандай артық ісі жоқ шығар.

Мен инеттен оқығандарыма, инеттен көргендеріме, өзгелерден естігендерімен сенбеймін. Ал бірақ ішім жылымайтын бір тұсы бар: "Әділдік сұрап шыққан мұнайшыны аямай автоматпен ататұғын". Жарайды, көтеріліске шықты делік, қантөгіссіз жолмен шешуге болар еді. Егер әр қаланың желтоқсан айындағы әскери жағдайын толық бақылай алсаңыз, сіздің де көзіңіз жетер еді. Мысалы өзімнің Қызылордамда желтоқсанның алғашқы күндері қақ орталықтан бірнеше танк, БТР секілді бірдеңелер, бірнеше күннен кейін спецназдардың көліктері өтіп сес көрсеткендей болды. Қала ішінде ішкі әскерлер өте көп мөлшерде үйілді. Қала сыртын төтенше жағдайға деп ішкі әскерлер мен көліктермен қоршап тастады. Барлық полиция, милиция дегендерге қару (тапанша, түрі ПМ-ға ұқсас) берілді, жарлық бойынша тек ең қатерлі деген жағдайда ғана қолдануға. Қару салатын орны ерекше, ешкім таба алмайтын жерлеріне тігілген арнайы курткалар берілді. МАИ қызметкерлерінің бекеттеріне автоматтар мен басқа да қаруларды үйіп тастады, әр МАИ инспекторының қызметтік көлігінен кем дегенде бір автомат болды. Күні бүгін көтеріліс болатындай етіп.  Мүмкін мұнысы дұрыс та шығар, "сақтықта қорлық жоқ", бірақ көтеріліс бола қалған күнде басып тастауға оңай болсын дегені ме? Қырып тастауға да...

"Идеологиялық соғыс" әлі жалғасуда. Идеологиямызға, санамызға неше түрлі ой ұялататын "бәлелер" - газет-журнал (БАҚ), теледидар, интернет, т.с.с.  Біз нені көп көреміз, жинаған ақпараттарымыздың қайсысы дәлелдірек, соған сене саламыз. Білмеген соң сене береміз не болса соған.

Меніңше Елбасымыз сыйлауға тұрарлық адам. Құлдырау кезеңінде тұрған елді 20 жыл ішінде дәл қазіргідей жағдайға жеткізу - кез келгеннің қолынан келетін іс емес. Ғасырда бір, тіпті дәуірде бір жаратылатын тұлға деуге болады Назарбаевты. Қай елдің президентінің ескерткіші басқа елдің астанасында тұр? Қай елдің президенті өз еркімен ғаламат күштен бас тартып жатыр? Қай елдің президенті  бүкіл әлеммен жақсы қарым-қатынасты ұстап отыр? 

 Біс - жастармыз, биліктің бір пұшпағын ұстамағаннан кейін аузымызға келгенін айтып бөсе береміз, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу адамдар әлі де аз секілді...

Жұбатқан мәліметтерді қайдан алдыңыз? Қолданылған әдебиеттеріңізді жазбайсызба?
Мен Елбасының өзі жазған кітаптарынан, "Тұлғалар мен тағдырлар: Үлкен саясат" атты кітаптан, YouTube-ден, Ринат Зайытов пен көнекөз қарттардың, көзі ашық билік басындағылардың сөздерінен, "ЖасАлаш" және "Шарайна-Сейхун" газеттерінен алдым.
+4 дауыс
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өлгенімше құрметтеп өтуге уәде беремін. P.S. Болашақта қандай басшы келсе де, болашақта мен қандай болсам да!
+2 дауыс
Адамның жасы өскен сайын сиы кетеді, сондықтан Ахмет Яссауи 60-тан асқан соң пайғамбар жасынан асып кеттім енді менің елге сыйым кететін болды, балаларыма қадірім кететін болды деп уайымдаған. Оның қасында Н.Ә.Н Атамыз 70-тен асты ғой. Қазір халқы сыйлайды, абройы бар сондықтан, билікті жастарға берсе сонда қадірі кетпейді тарихта жақсы атымен аты қалады.
Жастарға берудің қажеті жоқ) ақыл тоқтатқан адам керек. Мысалы Бекболат Тілеухан, Иманғали Тасмағамбетов.
Бекболат Тілеухан??
Чичарито  Менде сен айтып отырған адамдарды ұсынам атамыздың қасында жасқой енді олар
0 дауыс
Айуандар көре алмайды ғой.
0 дауыс
Әрине, халықта сенім болады, кедей халықтарда бұл кетсе жақсы өмір сүретін шығармыз деген, сондықтан жамандауы да мүмкін.
Үтір мен нүкте қоюды келесі жолы ұпытпа!
+1 дауыс
Мен Елбасыны мақтан тұтамын,себебі ол кісі бізге Тәуелсіздік әкелді және Семей атом ядро бомбасынан бас тартты.
+3 дауыс
Өмірде жолы болмаған адамдар басшысын жамандайды байқап қарасам, отырып алып көпірмей, еңбектенсе біздің елде ешкім көкірегінен итермейді, яғни, биліктегілер дұрыс саясат жүргізіп отырғаны. Отырып алып сымпылдағанға билік ақша төлеуге міндетті емес ғой. Елбасымыз аман болсын, дәәл қазіргідей заманда осындай Елбасымыз болғанына шүкір қайта! Ғұмырлы болсын.
+2 дауыс
Басқасын білмеймін, өзім Назарбаевты сыйлаймын.
+2 дауыс
Елді  басқарып  отырған  жалғыз  Президент Нұрсұлтан Назарбаев емес . Жек  көрген адамдардың  санасында елбасқарудың жүйесінен хабары  жоқ адамдар . Президенттен  қарапайым  халыққа дейін  қаншама бастықтар  бар оның  бәрі пара алмайды деп айта алмаймын  және  олардың барлығын  Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтай  халқының  қамын  ойлайды  деп  айта  алмаймын . Егер бір  бастық халқына зияны  тиетін іс істесе ол үшін  Президентті жамандаған дұрыс емес . Кез-келген нәрсені  айтпай , жазбай , істемей тұрып  ақылға  салып талқылаған жөн , ойланған  жөн . Бар жақсылығымызға  шүкіршілік етіп , кемшіліктерімізді  жөндейік . Шариғатты аттамай , Аллаһтан  қорқып , бала-шағамызға  дұрыс  тәрбие берейік  . Рахмет !
...