–2 дауыс
7.8k көрілді
Ұлы Отан соғысы калай басталды?

Қай жылдары?
Мәссаған, осыны білмейтін адам бар екен-ау?
"Өз тарихын білмеу - мәңгүрттік" деген екен елдің тұңғыш елбасысы...

8 жауап

+1 дауыс
Өтірікті соқпа, 1941 жылы 22 маусымда басталды.
Бас әріп қолданыңыз.
Кіші әріптен гөрі қазақ тілінде КСРО-ны СССР деп жазу "үлкенірек" қате шығар))
өтірікті деген Өтірікті деп жазылуы тиіс. Әр сөйлем басталғанда бас әріппен жазылады емеспе?
Иә, түзеткеніңіз дұрыс қой) Мен сіздің жауабыңыз туралы айтып тұрмын.
Қысқарған сөз үлкен әріптермен жазылады.
Жоқ, қазақшасы бар ғой СССР-дың. Соны айтып тұрмын.
Кешірім сұраймын онда.
–2 дауыс
Немістер жөніне жүрмей, қазақтарға тиіскен.Талпаға-талпа сұраған, қазақтар барып жыртып тастаған.
Жауап бергеннің жөні осы екен деп жаза беру керек пе? Біреуге керек ақпарат қой бұл да. Немістер қазақтарға тиіскен деген недеген сөз... қайран тарих!!
Ерасыл1995 модератор бола тұра мынандай сөз айтқаныңыз МАСҚАРА ҒОЙ. Пікірді жасырсаңыз, жасыра беріңіз маған бәрібір. Егер сол соғыста қазақ аталарымыз жеңбесе сенің модератор болып отыруың неғайбыз. Талпа дейдіғой.
Орынбасар, сіз неге модератор болмайсыз?
Админ шешеді.
мына сұраққа қарап жауап берген секілді
+2 дауыс
1941-1945 жылдар арасында КСРО мен Фашистік Германия арасында өтті. Қазақстаннан 2 млн адамдай қаза тапты. Соғысты бастаған Фашистік Германия басшысы Гитлер.
0 дауыс
Ол соғысты Ұлы Отан соғысы деп атамауымыз керек . Ол жай ғана орыс-неміс соғысы.
Сен "Барбаросса", " Ост" жоспарларын дұрыстап оқып қара. ол жоспарда бірінші славяндардың тең жартысын жойып. қалғандарын құл есебінде ұстайтыны жазылған, Ал Орта Азия халықтары бізге мүлдем керек емес, жер бетінен жойып жібереміз делінген
Сол соғыста қаза тапқан қазақтарды, тылда еңбек істеген адамдарды бәрін ұмытып кетейік пе сонда? Әлде олардың бәрін сіз орыс деп ойлайсыз ба? КСРО тарихы қанша мойындағыңыз келмесе де біздің тарихымыздың бір бөлігі болып қала береді. Ұлы Отан соғысына берген жаңа атауыңызды естісе соғыста қаза тапқан батырлар "көрінде бір аунап түсетін шығар"(((((
Нацистер халықтарды үш топқа бөлген: 1.текті ариліктер (ең таза нәсіл), 2. англо-саксондар, славяндар (арилерге қызмет ету үшін жаратылған халықтар), 3.қалғандары ең төменгі халықтар, яғни өмір сүруге құқығы жоқтар
+1 дауыс

Екінші Дүниежүзілік соғыс (ВтораяМироваяВойна) 1939 жылы Фашистік Германияның шабуылынан басталды, жалғасып орыстарға тиіскен соң атауы басқаша сипат алды: Ұлы Отан соғысы (ВеликаяОтечественнаяВойна). Шатастырмайық. Көбіміз қате түсініппіз. 

Кім не десе о десін, назарларыңызға көбіміз біле бермейтін бір жәйтті ұсынайын. 

Германияның "фон Гитлері" соғысқа өте тиянақты дайындалды. І Дүниежүзілік соғыстан кейін тұралап қалған ел экономикасы соғысқа бейімдеп, қайта жаңартты. Көп іс шаралар атқарылды...

Немістің бұл қимылы әр қадамын аңдап басатын КСРО мен АҚШ-тың назарынан тыс қалмады. Ол кезде тыңшылар, НКВД мүлтіксіз жұмыс істейтін. Сталин бейбіт күндерді ұзарту үшін, сәл де болса уақыт созу керектігін түсініп "Риббентроп - Молотов пактісіне" барды. Екі елдің сыртқы істер министрлері кездесіп соғыс болмауын растайтын тарихта осы атпен қалған құжатқа қол қойды. Риббентроп қол қойып болған соң орнынан тұрып Германия жаққа қарап қуанышты күймен "Хайл Гитлер" деп саңқ еткенде жиылыстың барлық мүшелері дір еткендей болған еді. Осыдан соң КСРО да қарап қалмады, даярлана бастады. Немістермен әйтеуір бір соғыстың болмай қоймайтынын білген еді әккі Сталин. 

Соғысқа толық дайын болған соң ол бүкіл күшін қозғап, сынап көрді. Польшаны басып алуы - сіздер үшін соғыс болса, неміс  билеушісі үшін жәй ғана тәжірибе еді. Сынақ нәтижесінде Польша 3 күнде толығымен немістердің қолына өтті. Неміс саясаткерлерімен кеңестен соң мынау анық болды: "КСРО-ны құрамындағы республикаларымен бірге басып алу үшін керек уақыт - 15 күн." Ары кетсе 3 аптаға созып, қысқа қалдырмауды ойлады Гитлер. 

Соғыс өте әділетсіз - ешқандай соғыс жарияламай, ешқандай ескертусіз КСРО-ны бомбалаудан басталдан. Қала халқының 1/4 бөлігі қырылды дейді кей деректерде. Не жайлы айтылып отырғанын өздеріңіз білерсіздер.

Немістер тез тықсырды. Бірақ олар бәрін қарастырғанда ойламаған бір ғана нәрсесі қалған еді - кеңес халқының бірлігі мен намысы. Соғыстан шыңдалып суыққа үйренген орыстар мен әр түрлі ұлт өкілдері Москва түбіне жеткенде немістерді кейін серпіп тастап алға ұмтылды. Айтуға оңай, бірақ 12 миллион адамның өмірі қиылды.

Соғыс уақытында немістер мерейі үстем болған уақытта Москвада үлкен толқулар болып жатты. Жасырын кеңестерде  ылғи да қашып шығу, жаппай қырып - жою қарулары талқыланды. Ең сорақысы - ел астанасын Москвадан Курчатовқа көшіру жайлы кеңес. Ел астанасын көшіруді ойларына алса олардың қалай сасқанын өзінен  өзі түсінікті болар.

Германия мүлде жеңілді. Гитлер тарихта өзін өзі атып өлтірді, бейресми деректерде "Әйелі екеуі өртеніп кетті", "Аргентинаға қашып кетіп, 79 жасына дейін өмір сүрді", "Берлиннің астындағы бункерге тығылып солдаттарымен бірге 90 күн шыдап, ақыры аштан өлді", "Антарктиданың астынан бункер салып алып, сонда тығылды." 

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

vvvwww деген данышпанның (15,314 балл) жауабына келейік: жоспарлар Германияда көп болды. Бізге тарихта "Барбаросса" дегенді ғана үйретті, сізге де солай шығар. Бірақ ең алғашқы жоспары, ол қателеспесем Азербайжанды (Әзірбайжан) құрту болатын, екінші мұнай шығаратын барлық ірі зауыттар орналасқан қалаларды, елдерді  жою/басып алу еді. Мұнайы жоқ ел әскерінің қандай болатыны белгілі.

ZhanNara атты жаңа қолданушыға (142 балл) қосарым, тылдың өзі де оңай болған жоқ. Соғыстың беті бері бұрылып кеңес әскері жеңіп бара жатқанда, Сталиннің не істегенін білесіз бе? Ол әскер құрамындағы барлық еврейлерді тұтқындады. Ол солардың күшімен ұлы Қытай қорғаны секілді етіп Таймырда теміржол салмақшы болды. Әрине, тылдағылардың күші жетпейді, олардың қозғасаң онсызда ашынған халық жаңа бәлені бастауы мүмкін. Еврейлерді құл ретінде жекпек болды.  Тыл еңбеккерлерін соғысқа бармады деп жазғыруға болмайды, олар кейбір соғысқандардан (әсіресе Власовтан) мың есе асқан ерліктер істеді.

Orynbasar атты аға оқытушыға (4,088 балл): админ көп уақытын басқа жақтарда өткізеді, өз өмірі, өз қиындығы бар дегендей. Бірақ мен сенің модератор болғаныңды қолдаймын.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ұрыспайықшы, қолданушылар, не деген температуре енді? Болмашы нәрсеге қырыламыз да жатамыз 40пышақ болып. Елім деп еңіреген ерлер қандай бірлікте еді, ал сіздер жалған патриоттар құсап ...

Барлық қателікті білдіртпей де жөндеуге болады шу шығармай. Қызды да сыйлайық. "Өсер елдің ұлдары бірін бірі батыр дейді." Батырсыңдар!

0 дауыс
Ең қиын сұрақ екен)))))))))))))  1941 22 маусым
0 дауыс
Екінші ДЖС кезінде ғой!!!
...