0 дауыс
6.6k көрілді
Дәрігерде, анестезиолог и реаниматолог маманы қандай қызмет атқарады?

4 жауап

0 дауыс
анестезиолог деген операция алдында наркоз егуды карайды.
0 дауыс
Анестезиология мен реаниматологияның негізгі мақсаты – науқастарға операция, диагностика жасау мен емдеу кезеңінде өмірлік қажетті ағзалардың қызметін реттеп, оны қалпына келтіру, медицина қызметкерлеріне жүрек-өкпе-ми реанимациясын, жансақтау әдістерін жүргізуге үйрету болып табылады.

Анестезиология мен реаниматология ең қажетті үш бөлімнен тұрады: реаниматология, үстемелеп емдеу, анестезиология.

Реаниматология (латынның ре-қайта, анимаре- тірілту) — өлім мен өмір аралығындағы қауіпті жағдайда жатқан науқасты тірілту туралы ғылым. Реаниматологиялық ілім тоқтап қалған жүректің қызметін кері қайтарып, оның қайта соғуын қалпына келтіретінін дәлелдеді. Бұл реаниматологияның тек қана бір саласы, оны «реанимация» деп айтады. Ал, реаниматологияның негізгі мақсаты -- адам организмін қорғаушы механизмдерінің өмір сүру заңдылығына зерттеу болып табылады.

Үстемелеп емдеу – қауіпті жағдайды болдырмау және бейімделу механизмдеріне көмектесу үшін өмірлік қажетті ағзалардың қызметін жасанды ұстап тұру немесе оларды ауыстыратын әдістің жиынтығы. Өмірлік қажетті ағзалардың қызметі тоқтап қалғанда немесе әлсірегенде оған жасанды жолмен көмектесе алады. Науқастың тыныс алуы тоқтағанда – жасанды өкпе вентиляциясы аппараты арқылы іске асырылады. Ал, жүрек қызметіне реаниматологиялық көмек – жүректі уқалау (массаж жасау) арқылы жүргізіледі. Үстемелеп емдеу операцияға дейін және операциядан кейінгі күндері науқастарға кеңінен қолданылады.

Анестезиология – организмді операция жарақатынан қорғайтын әдісті, операцияға даярлау және операциядан кейінгі кезеңді зерттейтін ғылым. Анестезиологияның белгіленген әдістері тек қана операция салдарынан болатын ауырсынуды жою үшін, сонымен бірге емдік шараларды жүргізу үшін де қолданылады (жүрек-инфаркты, босану, т.б.).

Бір сөзбен айтқанда, науқастың операциядан, не болмаса аса қауіпті төтенше жағдайлардан аман-есен шығып, сауығып кетуінде дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың үлесі үлкен.
0 дауыс
анестезилолог обезболивающий дәрі береді, ота жасайты нкезде аурымауы үшін, реаниматолог- реанимацияда жатқан өлім аузындағыларды емдейді
0 дауыс
Анестезиолог — ауыртпау және хирургиялық жолмен араласу кезінде организмнің өмірлік маңызды функцияларын меңгеру мәселелері бойынша арнап даярлықтан өткен маман дәрігер

.Реаниматология[1] (ре… лат. anіmatіo — тірілу және грек. logos — ілім) — медицинаның адам организмінің өмірлік маңызды қызметінің баяулауы мен оны қайтадан қалпына келтірудің негізгі заңдылықтарын зерттейтін саласы. Реаниматология 20 ғ-дың ортасында пайда болды. Реаниматология органдар қызметінің тоқтап қалуын алдын алу жолдары мен органдар жұмысының тоқтап қалмауына жағдай жасау (қарқынды терапия) мүмкіндіктерін, кенеттен әлсіреген организмнің негізгі қызмет атқаратын органдарының жұмысын арнайы әдіс, тәсіл және дәрі-дәрмекпен алмастыру жолдарын қарастырады. Реаниматология зерттеп, жетілдірген тәсілдер мен әдістерді тәжірибе жүзінде қолдануды реанимация (қ. Организмді тірілту) деп атайды. Арнайы құрал-жабдықты қажет етпейтін, кез келген жағдайда жүзеге асыруға болатын алғашқы жәрдем әдістері (қолдан тыныс алдыру, массаж) Реаниматологияның үлкен жетістігі болып саналады. Реаниматология саласында тез ойлап, жылдам шешім қабылдайтын, мед. құрал-аспаптарды шебер пайдалана алатын маман-дәрігерлер (реаниматологтар) жұмыс істейді. Кез келген хирург. операцияреаниматологтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазақстанда барлық ірі ауруханалар мен мед. ғыл. орт-тарда клиник. өлімге ұшыраған немесе өте ауыр халдегі ауруларды қабылдайтын реанимация және интенсивті терапия бөлімдері бар.

Ұқсас сұрақтар

...