Анестезиология мен реаниматологияның негізгі мақсаты – науқастарға операция, диагностика жасау мен емдеу кезеңінде өмірлік қажетті ағзалардың қызметін реттеп, оны қалпына келтіру, медицина қызметкерлеріне жүрек-өкпе-ми реанимациясын, жансақтау әдістерін жүргізуге үйрету болып табылады.
Анестезиология мен реаниматология ең қажетті үш бөлімнен тұрады: реаниматология, үстемелеп емдеу, анестезиология.
Реаниматология (латынның ре-қайта, анимаре- тірілту) — өлім мен өмір аралығындағы қауіпті жағдайда жатқан науқасты тірілту туралы ғылым. Реаниматологиялық ілім тоқтап қалған жүректің қызметін кері қайтарып, оның қайта соғуын қалпына келтіретінін дәлелдеді. Бұл реаниматологияның тек қана бір саласы, оны «реанимация» деп айтады. Ал, реаниматологияның негізгі мақсаты -- адам организмін қорғаушы механизмдерінің өмір сүру заңдылығына зерттеу болып табылады.
Үстемелеп емдеу – қауіпті жағдайды болдырмау және бейімделу механизмдеріне көмектесу үшін өмірлік қажетті ағзалардың қызметін жасанды ұстап тұру немесе оларды ауыстыратын әдістің жиынтығы. Өмірлік қажетті ағзалардың қызметі тоқтап қалғанда немесе әлсірегенде оған жасанды жолмен көмектесе алады. Науқастың тыныс алуы тоқтағанда – жасанды өкпе вентиляциясы аппараты арқылы іске асырылады. Ал, жүрек қызметіне реаниматологиялық көмек – жүректі уқалау (массаж жасау) арқылы жүргізіледі. Үстемелеп емдеу операцияға дейін және операциядан кейінгі күндері науқастарға кеңінен қолданылады.
Анестезиология – организмді операция жарақатынан қорғайтын әдісті, операцияға даярлау және операциядан кейінгі кезеңді зерттейтін ғылым. Анестезиологияның белгіленген әдістері тек қана операция салдарынан болатын ауырсынуды жою үшін, сонымен бірге емдік шараларды жүргізу үшін де қолданылады (жүрек-инфаркты, босану, т.б.).
Бір сөзбен айтқанда, науқастың операциядан, не болмаса аса қауіпті төтенше жағдайлардан аман-есен шығып, сауығып кетуінде дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың үлесі үлкен.