–2 дауыс
412 көрілді
Мына пункт:

4.6. Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс.

Сұрақтар бұрын қойылған, әлі де қойылып келеді. Ал жауапты дін білетін емес, атеиспін деп жүргендер де жауап береді. Ал жауап алушы жауап берушінің қандай ұстанымда, қандай білімде екенін білмей сол жауапты дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Жауап берсең, қарсы шығады немесе келеке қылады. Неге осы сұрақтар сұрақ қоюшыға "сайт ережесіне сәйкес келмейді" деп түсіндіріп өшіріп тастамайды? Muslim.kz секілді сайттарға сілтеме жіберсе болады ғой. Болмашы нәрсе емес, қолданушылар тартысып әжептеуір жерге дейін  барып қалады. Осыған кім жауапты? Неге селсоқ қарайды? Әлде мен білмейтін себептеріңіз бар ма?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Неше түрлі діни ағымдардың өз бетінше насихат жүргізуіне тосқауыл қою мақсатында енгізілген шара болса керек деп ойлаймын. Өзіңіз айтқандай діннен "хабарсыз" адамдар қайдан біледі жауап берген адамның жауабының дұрыс екенін. Дінге қатысты сұрақтарды көптің талқысына салмай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сайтына қойып анағұрлым тұшымды жауап алуға болады ғой. Ең сенімді жолы осы деп ойлаймын.
0 дауыс
Біз барымызша жауып немесе өшіріп тастап жатырмыз.
https://surak.baribar.kz/2018/%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B-%D1%82%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D0%B0-%D2%AF%D1%88%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96%D0%B4%D0%B5%D0%BD

https://surak.baribar.kz/520708/%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B-%D1%82%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D3%99-%D0%BC%D0%B0
Сонда ереженің орындалуын талап еткенім - ақылгөйлік болды ғой? Шаруаңыз болса модератор болып неңіз бар? Өз еркіңізбен болған жоқсыз ба? Әлде бас тарту мүмкін емес па? Сайтта біреу боқтап жіберсе, ереже деп банға саласыздар, сонда тек ұнаған ережені ғана сақтайсыз ба?
+1 дауыс
Ия әрине өшіруге тырысамыз, бірақ кейбір қарапайым сұрақтардың жауабын діни жағына бұрып кететіндер бар, сондау жауаптарды аңғармай қаламыз
Оларды көрген қолданушылар қандай шара қолдана алады?
Кері байланысқа жаза алады.
0 дауыс
Не үшін діни сұрақтар өшіріліп тасталынады
Операция жасаймын, бірінші рет, қалай кескен дұрыс?  Асқазандағы ісікті қалай алып тастаймын?-деп мектеп оқушылары, студенттер, медицинадан хабары жоқ оның үстіне операция жасап көрмегендерен сұрамайсыз ғой, рас па? Сол сияқты діни сұрақтарға да нақты маман жауап бергені дүрыс.
әрине ондай- қалай ұру керек, не істеймін дегендей болмашы сұрақтарды алаып тастауы керек
0 дауыс
Бiлмеймiн ғой басқалар жазса үндемейдi, мен жазсам жабысады да қалады Модератор. Админнiң жұмысыда жоқ, қайсысы дiни, ал қайсысы дiни еместiгiне, өйткенi Модераторларды өзi сайлағаннан соң, оларға қарсы шықса, өзiне қарсы шыққандай болып отырады ма бiлмеймiн, әйтеуiр бiр шетте абыройын сақтап отыратынын бiлемiн...
0 дауыс

Сайт ережесі бәрімізге бірдей, өзгені, өзімізді және осы отырған сайтымызды сыйлайтын қай-қайсымызда шамамыз келгенше ол ережені бұзбауға, сақтауға міндеттіміз. Бірақ амал нешік кейбір қолданушыларымыз сайт ережесін оқымай ма, оқыса да мән бермей ме ол талаптан шықпай жататыны бар. Болмаса осы айтылып отырған дін тақырыбы туралы сұрақтарды қоюға болмайды дегелі 3,5 жылдан асты, сонда да түсіндіре алмай келеміз. Сол сұрақтарға жауап бермей ақ қойсақта болмай ма, керісінше білсек те, білмесек те жабыла пікір жазамыз. Дін деген өте нәзік, өте білімдарлықты керек ететін дүние, кішкентай ғана кате пікірмен үлкен дау туып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан ондай сұраққа арнайы діни сайттар жауап бергені абзал. Ал біздер шамамыз келгенше тұрмыстық, дүнияуи сұрақтарыңызға өмірден жинақтаған тәжірбиемізге сүйене отырып барынша нақты жауап беруге тырысамыз.

    P.S. Қазір сайтта модераторлардың қолданушы сұрағын сараптан өткізу, өңдеу мүмкіндігі бар, бұдан былай сайт талабына келмейтін сұрақтар електен өтпейді деп ойлаймын.

Өтіп кеткен жағдайда білетін кісілер шамамыз келгенше аса сақтықпен жауап беруге тырысқапн жөн болар. Тегі болмаса сайт ережесіне сілтеме жасап ескерткен дұрыс па деймін. Ең бастысы өз-өзімізбен ұрысып кетпей жылы сөйлесіп тіл табысу ғой. Сайт өмір сүргелі бергі төрт жылдан астам уақыт ішінде небір мінезді қолданушылар болды, олар кетсе де сайт өмір сүруде емес пе?
Қысқы бір мысал келтірейін: Осы уақытқа дейін табалдырықтың екі жағында тұрып амандасуға болмайды деп есептеп келдім. Әлі де солай есептеп жүргендер бар екеніне сенімдімін. Енді осы сайтта біреу "Табалдырықтың екі жағында тұрып екі мұсылман қол алысып амандасуға бола ма?" деген сұрақ қойылса (қойылған қойылмағанын білмеймін) бірі ия, бірі жоқ дейді. Әркім өз естіген, көргенін жазады - арасында пікірталас туындайды. Оған сүраққа қатысы жоқ басқа жауаптар, пікірлер қосылады. Мейлі Сіз айтқандай жылы сөйлесіп тіл табысып кетсін. Ал сұрақ қоюшы қайсысы дұрыс екенін білмей дал болады ғой. Ал Ислам дінінде табалдырықта тұрған ештеңе жоқ.
Осындай олқылықтың алдын алу үшін Админ ережеде бекітіп қойды. Сондықтан діни сүрақтарды мүлдем өшіріп тастаған дұрыс.
Дұрыс сайт өсе бередi Жәке, бiр адам кетсе орнына басқа адам тiркеледi, осыны бiлiп Админде үндемей өтiп кете бередi ма, сайт саған қарап қалған жоқ деген сияқты ой туындайды ма. Кейде болады мiнез көрсетiп қалатын жағдайлар, бiрақ адамда бекерден бекер мiнез көрсетпес. Бұл жерде қайсысы дiни, қайсысы қарапайым зерттелген сөздер, осындайларды ажырата алмайтын Модераторлардың барлығының арқасындағы мiнез көрсетушiлiк пайда болады.
Толик, біріншіден табалдырық туралы сұрақтың дінге еш қатысы жоқ деп ойлаймын, бұл қазақтың ырым-тыйымдарына жатады. Екіншіден бұл жерде ешкім 100 пайыз дұрыс жауап беруді мойынына алмайды, әркім өз білгенінше, шама-шарқымен айтады, ал қолдланушы өзі анализ жасайды. Ал енді бұрын сұрақтар өшірілетін, қазір сұрақтар модераторлық сараптаудан өһтетіндіктен олай бола қоймас деп ойлапймын, себебі сараптауда жарамсыз сұрақтар жіберілмейді.
Міне міне модертордың танымы осындайда жеңіп кетеді. Сіз ойламасаңыз басқалар да ойламайды деген сөз емес қой. Қаласаңыз "дінге қатысы жоқ" бір сұрақ қояйын жалпыға. Сонда көресіз кейбір қолданушылардың ырым мен діннің айырмашылығын ажырата алмай қалатынына.
Freedom дұрыс айтасың, модераторлардың арасында өз аттарын дұрыс жаза алмайтын сауатсыздар бар, бірақ бұлда уақытша болар деп үміттенемін. Ал Ербол жөніне келсек қазір қолыда тие бермейді, жұмыс, оқу, бойдақшылық тағы бар дегендей. Жаңа жылдан бастап мықтап қолға аламын деген сөзі бар. Өз басым да салғыртсып кеткенім рас, оған себеп  шынымды айтсам жауап беруге тұрарлық сұрақтардың жоқтығы.
Мен білгенімді ғана айттым, аржағын өздерің саралаңдар.
...