0 дауыс
Шарбұлақ елді мекенінің тарихы туралы мәліметтер болса?
22.12.2014 773 қаралым

1 жауап

–1 дауыс
Шарбұлақ – Қазығұрт ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Қазығұрт аулынан батысқа қарай 10 км жерде, Мұғалысай өзеннің бойында орналасқан. Тұрғыны 3,3 мың адам (2003). Іргесі 1928 ж. ТОЗ, артель, 1930 ж. ұжымшар болып қаланды. 1962 – 1990 жылдар аралығында Ленин атындағы қой ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Шарбұлақта орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
23.12.2014

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы