0 дауыс
562 көрілді
Қазақстандағы 2014 жылы жақсы ақша тапқан жұлдыздар кімдер?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жылқы жылында еңбекқор әнші Қайрат Нұртастың жолы болды. Сөйтіп, ол қазақ шоу - бизнесінің ең табысты әншілердің көшін бастап тұр. Табанынан тілініп еңбек еткен жұлдыз бір жылда 2 млн 50 мың долларды қалтасына басқан.

Күздің басында әнші "Еркелеп елге ән арнай" атты концертін 3D форматта ұйымдастырды. Билетінің құны 10 мың теңгеден асады. Оған қоса Астанада "Ол сен емес" атты кешін өткізді. Екі бірдей шоу концертіне билеттер бірнеше апта бұрын сатылып отырған. Халықтың қазынасы тойыңызға шақырсаңыз, 7 мың доллар сұрайды. Бұдан бөлек, 9 әнжинақ, киім сататын бутигінен де пайда түскен бұл әулетке.

Менеджменттің қыр-сырын жақсы меңгерген 26 жасар әнші жақын арада жеке әуе жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.

Қалталы өнер иелерінің екінші сатысына танымал продюсер Баян Есентаева жайғасқан. Оның жылдық кірісі 850 мың долларды құрайды. Продюсер тек бір ғана "Кешью" тобынан жылына 500 мың доллар табыс табады екен.

Биыл ол екі бірдей фильм түсірумен қаржысын еселеді. Бірі "Абайла, сиыр!" атты комедиялық туынды болса, екіншісі он екі сериялы телехикая. Оған қоса, Баян "Кешью" тобын аздық етті ме, кім білсін, жақында тағы бір қыздардан құралған "Лашын" атты топ құрды. Сөйтіп, Есентаева болашаққа үлкен жоспар жасап отыр.

Елдің сүйіктісі МузАРТтың үш нояны биыл табысты әншілердің қатарына енбей қалыпты. МузАРТтың өткен жылғы табысы бар болғаны 1 млн доллар еді. 13 жылдық тарихы бар ұжымның басты пайдалы кәсібі - дыбыс жазатын студиялары.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/346050.html
0 дауыс

Біреудің ақшасын есептеу жалпы мәдениетсіздік болып есептеледі, сосын оны есептейтіндер желтый пресса (ойдан шығарып та жаза береді, ешқандай нақты мәліметке сүйенбейді),

Таңғалам осы жұрттың қанша тапқаны не керек

0 дауыс
Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдыздардың рейтингі қазір той-бизнестегі табыстарымен есептеледі, деп жазады Forbes.kz. Фото: kazakhstanzaman.kz Euro Event Agency мәліметтеріне сәйкес, отандық шоу-бизнес нарығы 10 млн долларға бағаланып отыр, оның 80% той-бизнестен түскен табыс. Қалған 20% "корпоративті" кештер мен концерттерге тиесілі. Сонымен ТОП-10-ды талай қазақтың көзайымына айналған әнші Қайрат Нұртас бастап тұр. Екінші орында бүкіл әлемді аузына қаратқан боксшы Геннадий Головкин, үшінші орында продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаева тұр. Ал одан кейінгі орындарға жайғасқан шоу-бизнес өкілдерін төмендегі кестеден көріңіздер. 1. Қайрат Нұртас - әнші 2. Геннадий Головкин - боксшы 3. Баян Есентаева - продюсер, ТВ жүргізуші, актриса 4. LIDO - әнші, модель, дизайнер 5. Алексей Пучков - продюсер 6. Дильназ Ахмадиева - әнші, ТВ жүргізуші 7. "FM" тобы - поп музыка тобы 8. Алуа Қонарова - продюсер 9. Айқын - әнші 10. Группа "Жігіттер" - поп музыка тобы
0 дауыс
Қайрат Нұртас, Ернар Айдар,Әлішер Каримов
0 дауыс
Қайрат Нұртас, Тұрсынбек Қабатов, Ернар Айдар.
0 дауыс
Қайрат Нұртас сосын Беркут болуы керек.

Ұқсас сұрақтар

...