+3 дауыс
1.9k көрілді
Кока-Кола туралы қандай қызықтар білесіз?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

СІЗ КОКА-КОЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНЫП ЖҮРСІЗ? 

Қоңыр түсті сусынмен бала кезімізден таныспыз. Сәтті жарнаманың арқасында әлемге кең таралған бұл сусынды жасымыз да, кәріміз де жапа-тармағай ішіп жүр. Енді үй шаруасында да қолдануға кеңес береміз.

Сіз Кока-коланың ауруды уақытша тоқтату (обезболивающее) қасиеті бар екенін білесіз бе? Осы сусынның химиялық құрамындағы кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз мезгілдерінде қала сыртына шығып демалғанда жәндік, шыбын-шіркей шағып алған жағдайда Кока-коланың көп көмегі бар. Денеңізді шағып алса, ашып не ауырып тұрған жерге Кока-коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
Кока-кола тотты керемет кетіреді. Үйде тот басып, қолданыстан шығып қалған зат болса, сол затты түнде кола құйылған ыдысқа батырып қойыңыз да, таңертең жақсылап ысқылап, жуып-шайып алыңыз.
Кока-кола терезені жақсы жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді, автокөлігіңізді жуғанда тиімді нәтижесін көрсетеді. Терезені жуып болған соң, әйнекте шіре қалмас үшін сулы шүберекпен сүртіп алыңыз.
Бұл сусынды тамақ дайындауда да қолдануға болады. Коланы өзіңізге ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қосындыны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.
Үйіңізде біртүрлі иіс бар ма? Арнайы сұйықтық қосылған шелектегі суыңызға Кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. Сонымен қатар, өзіңіздің үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады. Тағы бір айтатыны, Кока-коланың шашқа пайдалы әсері бар.
Кейде үйдегі ыдыс-аяғымыз «товарный видін» жоғалтады. Түбінде болсын, сыртында болсын, сырылған қара сызықтар, қара дақтар пайда болады. Ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қайтару үшін ыдысқа бір бөтелке коланы құйып, оны жәй жанып тұрған отқа қойып, қайнатып алыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуып алыңыз.
Кока-кола дақты жақсы кетіреді. Егер тиген дақты кетіре алмай, шакфыңыздың бұрышында жатқан киіміңіз болса, кола көмектеседі. Кока-коланы кір жұғыш ұнтағыңызбен араластырып, кір жуғыш машинаңызға салып, күнделікті әдеттегідей кір жуып алыңыз. Тіпті қанның дағы да кетеді. Оған қоса, киіміңізде жағымды иіс болады.
Назар аударыңыз! Кока-кола тойып, асқазаныңызды көтере алмай тұрғанда, жүрегіңіз айнығанда жақсы көмектеседі. Бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда да керемет көмекші бола алады.
Сондықтан Кока-коланы тек ішіп қана қоймай, үй шаруашылығында да тиімді пайдалана біліңіз.

–1 дауыс
Кока коланы бір кене сияқты заттан істейді, дегенді естіген ем
–1 дауыс
Кока Кола ішуге жарамды.
+1 дауыс
Мына https://surak.baribar.kz/450824/ жерде бір қызық бар маған көмегі тиді)
+2 дауыс
Ішінде құрттар бар екенін білемін.
+4 дауыс
Кока коланы Африканың құртынан жасайды!Кока кола жылы піспеген етті қуырып тастайды!Кока кола зиян!!Ішпеңдер)))))))))))))
Толық келісемін. Біз жақта бір баланың асқазаны кока-коладан тесіліп кетті. Күнде ішеді екен коланы.
+2 дауыс
Санта Клаусты ең алғаш Кока-Кола жарнамасында пайдаланған. Әр рождество сайын жарнамаға Санта Клаусты қатыстырады. Осылай арада 80 жыл уақыт өте келе әр Рождество сайын балалар Санта Клаусан сыйлық күтетін болып кетті...
+1 дауыс

Коланың құрамы жайлы түрлі болжамдар бар. 

Негізінде Кока-Коланы "кока" деп аталатын өсімдіктен жасайды. Кока - сора секілді есірткі тұқымы, таза кокаин алынатын өсімдік. Шырынын алған кезде есірткі уы түсіп қалады да тек қана кока шырынының өзі қалады. 

Одан сайын дәмін келтіру үшін дәмдеуіштер, бояуыштар, газ, т.с.с. қосады.

+1 дауыс
осыдан 6 ай бұрын  Ютубтан  эксперемент жасаған  видеоларды  кордім,  содан бері кола ішуді қойдым.
+2 дауыс

Тағы бір қызықты мәлімет: Сауд Арабиясында Кока-кола баннерге жарнама шығарған. Басты көп ауыртпай  қысқа нұсқа 3 суреттен құралған баннер шығарған: Мысалы мынадай: Яғни 1)адам шаршап жатыр, 2) кока коланы ішеді 3) қуат алып, ары қарай жүгіріп кетеді.

Жақсы жарнама, бірақ олар бір нәрсені ескермепті. Араб елінде теріс қарай, оңнан солға қарай оқиды)

осы жауаппен 100% келісемін.
Демек кока-кола ішсең шаршайсың ғой
0 дауыс
Кока коланы құрттан жасайды екен)
...