+2 дауыс
737 көрілді
Жұлдызжорамал бойынша Егіздер екіжүзді болып келеді дейді сіз сонымен келісесіз бе?

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Екі жақты пікір туады. Бес саусақ бірдей емес. Әр адам жеке тұлға және барлық егіздер осындай, барлық таразылар осындай деп дөп басып айтуға болмайды деп ойлаймын. Екіжүзді егіздер бар, шынайы егіздер бар, мейірбан егіздер, өтірікші егіздеп бар. 100% сәйкестік жоқ деп айтуға да келмейді, ол белгілі бір ғылым саласымен саналып, зерттеп-зерделенген соң аздаған сәйкестіктер бары сөзсіз. 50/50 негізі. Әр адам жорамалынан өзіне тән нәрсені табады.Ал алдағы уақытқа қойылатын жорамалдар рас болуы мүмкін немесе шындыққа жанаспауыда мүмкін. Өз басым күнде оқып, сенем деп айта алмаймын, қызығып кейде оқитыным бар..Дегенмен, ешбір адам өз болашағын білмейді және оны білуге тырысу күнәға жатады дегенге сенемін(бақсы, балгер).
астрология ғылым емес, жалпы еш нақты дерекке сүйенбей жасалынған
Бұл сіздің ойыңыз.
0 дауыс
йа келысемын,егыздер(близнецы)
+1 дауыс
Жұлдызжорамалда айтылғандарға онша сенбеймін, бірақ айтылған сөздері мен үшін қызық,,,,
0 дауыс
Жоқ келіспеймін. Біріншіден, егіздерден басқалардың арасында да екіжүзділер бар, тек егіздер ғана екіжүзді деген заң жоқ. Екіншіден, мұндай жорамал 7млрд адамды зерттеп жасаған жоқ, ары керсе он шақты адамға қарап оның 9ына екіжүзді десе, оныншысын автоматты түрде екіжүзді деп ойлайды. Бұл зерттеушінің таным-түсінігіне, ой-пікіріне, көңіл-күйіне т.б психологиялық факторларына өте қатты тәуелді болғандықтан оған сенудің еш керегі жоқ. Басқаларға берілген басқа "қасиеттер" де солай. Егер адам шынымен екіжүзді болса - оған жұлдызнамасының қатысы жоқ.
0 дауыс
Келісе алмаймын. Егіздер мамыр айының соңы мен маусым айының басында туылғандар, сонда сол уақыт аралығында туылғандардың бәрі екі жүзді ма?
Мысалы мен жұлдызжорамал бойынша егіздермін. Бұрын соңды бұндайды естіген емеспін, бір отырыста біреудің егіздер екіжүзді дегенін естіп таңқалдым шынымен солайма деп. Өз басым екіжүздімін деп айта алмаймын, бірақ соны естігеннен кейін мен шынымен өзімнің көңілімнің қырық құбылатынын, бір күні жақсы сөйлессем екінші күні сөйлескім келмей әзер сөйлесетінімді, бір күні жұмысты жақсы жасасам екінші күніістегім келмейтінін байқадым. Білеймін бұл екіжүзділік емес, дегенмен соған ұқсас нәрсе ғой.
Екіжүзді шығармын деген ойдың әсерінен болған нәрсе..
Оған сіздің жұлдызнамаңыздың еш қатысы жоқ. Егер егіздер жомарт десе - жомарт болған кездеріңіз есіңізге түсер еді, екіжүзділік емес. Қарапайым психология
Бірақ мінезге байланысты жұлдызжорамалдың болжауы көп жағдайда келеді.
Ай білмейм.
Көп жағдайда келетіні, орысшалап түсіндірейін - " Вы видите то, что хотите видеть"
солай - ақ болсын
+1 дауыс
Онша сеніңкіремеймін. Бірақ, кейбір кездерде келеді.... сәйкестік пе деп ойлаймын...
0 дауыс
Мен сенбеймін. Аллаға серік қосып, күнәға батқым келмейді. Сендерге де айтарым, сенбеңдер! Жұлдызшыларың, жұлдыздарың, ғалымдарың адамның қандай екенін біле алмайды, болашақты да біле алмайды.
Жұлдызжорамалға сенгеннің еш кінәраты жоқ деп ойлаймын!
Толқын94, Толығырақ ақпарат жинап, пікіріңіз өзгерер деген үміттемін.
0 дауыс
Жұлдызжорамал деген әшейін-ақ нәрсе, мен өзім зерттеп көргем. Ешқандай нақтылық жоқ, бәрі де өтірік.
0 дауыс
ЖОҚ келіспеймін, негізінен ________________  андай болып келеді, сәтті боласыз, бір нәрсеге ұшырайсыз,- деп соға береді , өтірік ол
0 дауыс
Кейбір кездері дұрыс шығады әрдайым емес бірақ
0 дауыс
келіспеймін өз басым,мұсылман жандарға жат дүние ол. келісетін адамдардың санасы, ойы таяз деп ойлаймын
Адам санасының таяз немесе таяз емес екенін -  жұлдызжорамалға сенгендігі шешпейді!Жұлдызжорамалға сенгеннен адамның ойы таязданбайды!
аллаға арсы шыққанмен тең. ондай адамды қалай деп атауға болады енді?
жоқ тең емес!Ол да қарапайым адам. Біреудің неге сеніп неге сенбейтінін сіз шешпейсіз ғой...Әр адам өз жолымен өз тағдырымен өмір сүреді.
сізге адамға сену жайлы емес аллаға сену жайлы айтып тұрмын. дұрыс түсініңіз
0 дауыс
Жұлдыздарға сенемін. Менің жұлдызым дәл шығады әйтеуір.
0 дауыс
Жұлдызжорамал кейбiр кездерi рас болып келедi.
...