+1 дауыс
1.3k көрілді
Тірі мүсіндер дегеніміз не? Тірі мүсіндер тарихын айтып жіберсеңіздер?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

тірі мүсін, тири мусин

Ең алғашқы тірі мүсіндер ХХ ғасырдың соңында Барселона жерінде пайда болған екен. Аттракционды Тонио, Пепе жəне Пако атты үш клоун ойлап тапқан. Олар үсті басын толықтай гримдеп қызық қалыптарда қатып тұратын болған. Ал қалпағына тасталған монеталар үшін "тіріліп" ілтипатын ерекше қимылдармен білдіріп отырған. Бұл біртүрлі өнер кең таралып Барселонаның — Ла Рамбла гүлзарының мақтанышына айналды. Бұл да бір ғажайып, бұл да бір үнсіз театр.

0 дауыс
«Тірі мүсіндер» жасайтын дизайнердің өнері әлемді таңғалдыруда - ВИДЕО

Қытайда «тірі мүсіндерді» жасап, әлемдік өнердің сахнасынан орын тапқан қытайлық Ли Хунбо  шартарапта өзінің көрмелерін ұйымдастыруда.

Оның қолынан шыққан мүсіндер бір қарағанда тастан немесе гипстен қашалғанға ұқсайды.

«Мен бұл технологияны қағаздан жасалған көне Қытай ойыншықтары мен шамның негізінде жасап шығардым. Бұны ары қарай дамытып, бастапқы кезде тапанша ойыншық жасадым. Ол ойынға да, кейін пішінін өзгертіп, ғимарат  ішін безендіруге де оп-оңай қолданыла алады», - дейді шебер.

38 жастағы пекиндік Ли Хунбо өзінің мүсіндерін бірнеше жүздеген қат қағаздан пішіп жасайды. Оның технологиясы қытайлық шамнан алынған. Оның айтуынша, оны қашау барысында жұмсақ таспен жұмыс істегендей боласын. Ал мүсіндердің өзі көрген адамды таңғалдырмай қоймайды.
Источник:http://kaz.gazeta.kz/news/tiri-musinder-zhasajjtyn-dizajjnerding-oneri-alemdi-tangghaldyruda---video-newsID160838.html

...