0 дауыс
298 көрілді
Егер де менде алдын-ала ескерілмеген жайт болса, ал мен сақтандырылмаған болсам не болады?

1 жауап

0 дауыс

Бұның мүлдем болмағаны жақсы. Бұндай жағдайда дәрі-дәрмек, дәрігер қызметі, ауруханаға жеткізу, Отанға жеткізу сияқты барлық шығындарды өз қалтаңаз көтеретін болады. Барлық елдерде медициналық көмек бірдей тегін емес, өз азаматтарына тегін болса да, шетел азаматтарына ақылы болады.
Сондықтан да сапар алдында Сіз 20000 АҚШ долларынан кем емес сақтандыру полисін алғаныңыз жөн, алайда алыс шетелге барар кезде (АҚШ, Австралия, Азия) ұсынылатын сақтандыру құнының ең аз сомасы 50 000 АҚШ доллары болуы керек
(қажет болған жағдайда рерпатриация мен эвакуацияны алғанда). Біз сонымен қатар, Сізге турды жүзеге асырудан бас тарту тәуекелін, тур кезінде багаждың жоғалуы мен ұрлануы (үшінші жақтың кесірінен жоғалту, кешігу және зақымдануы нәтижесінде пайда бола алатын) тәуекелін сақтандыруды ұсынамыз.
Сізде медициналық сақтандырудың болу ы туралы талап Туристік визаны рәсімдеу үшін көптеген елшіліктер мен консулдықтардың қажетті шарты болып табылады. Сақтандыру полисін Сіз кез-келген сақтандыру компанияларынан ала аласыз, немесе бұл мәселені шешуді қалауыңыз бойынша туристік компанияға жүктеуге болады.
Сақтандыру полисін туристік емес компанияда рәсімдеу кезінде, Сіз қандай турдың түріне бар жатқаныңыз туралы көрсетіңіз (әсірес, денсаулық пен өмірге жоғарғы қауіп төндіретін ағындылар, тау жолдары, парашютпен секірулер, дельтаплан /параплане және басқа да белсенді іс-қимылдар). Сақтандыру құны ешқашан да турдың құнына кірмейді және әрдайым Сіз таңдаған тәуекелдер факторлары мен құнына байланысты қосымша төленетінін байқаңыз.
Типтік сақтандыру қымбат емес тұрады, алайда Сізге тап болмайтын көптеген мәселерден құтылуға болады.
Және есіңізде сақтаңыз: Сақтықта қорлық жоқ!

Ай бала, екі аккаунт ашып алып басып жүрсіңғо.
...