0 дауыс
369 көрілді
Менің арыз беру себебім, ОҚО Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылы Жібек Жолы, Құрманғазы көшелері және М. Өтемісұлы ауылына 2013 жылы желтоқсан айында табиғи газ жүргізіліп, пайдалануға берілген. Құрлысында орын алған кемшіліктерді ретке келтіру жайлы арыз жазған болатынмын. Осы арыз бойынша аудан басшылығынан алған жауапқа қанағаттанбай, Астана қаласына Республикалық Прокуратураға да осы мағынада арыз жазылды. Бірақ үлкен өкінішке қарай ол жерден да мардамсыз жауап келді. Айналып келгенде қойды қасқырға баққызған заман болып тұр. Ендігі жерде сіздерден сұранарым біз өмір сүріп жатқан бүкіл әлемге мақтанышпен кеуде қағып данқын асырып мадақтап жүрген «Егеменді Қазақстанымызда» шын мәнінде әділдік бар ма екен өзі деген еріксіз сұрақтар мені мазалайды. Жоқ әлде қолымдағы мәліметтер интернет желісінде жүргені дұрыс па екен? Негізінен алғанда бұл материалдар интернетте дайын болып тұр. Елде бас көтерер азаматтар бұл шала тірлікті жолға қояр деген үмітқой мені қайта-қайта еркімнен тыс ақ қағазға қалам жүгірткен. Мемлекет тарапынан қарапайым халыққа жағдай жасалсын деп ауыл округіндегі табиғи газы жоқ уйлерге смета, проект жасалып бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жұмыстар атқаруға тапсырма айма-тайма шала-шұрын жартысы елге келсе, жартысы шенеуліктердін қалталарына енгені ол бар. Сонда ол қанша уйге жоспарланып, қаржы қалай жұмсалады. Сөзімді дәйекті болуы үшін осы арызға қоса алғандағы жазылған арыздар мен оған алып келген жоғарғы тұрған органдардың жауаптарының көшірмелерін қоса тігемін.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...