0 дауыс
524 көрілді
Мен 9 сыныпта оқимын. Маған 3 баға қоя береді бірақ сабақты жақсы оқимын! Басқа мектепке ауысқым келеді! Достардың мінездері өзгеріп кетті, жақсы мұғалімдер кетті, балдар футбол ойнауды қойды, расписание қиын болып кетті бұрынғыдан( сол үшін мен қала алмаймын! 2006 жылдан бастап оқып жатырмын! Сіздер қандай кеңес бере едіңіздер?

10 жауап

+1 дауыс
Ауысқан күннің өзінде ол мектепте сені жұмақ күтіп тұрған жоқ, тіптен қиын болып кетіп жүрмесін...
+1 дауыс
Футбол ойнамаса таста ол мектепті десең иә)
менде солай ойлаймын
Футбол саған ешнәрсе бермейді, ең бастысы сабақты ойла)
+1 дауыс
Егер бұл сенің қалауың болса, қорықпай қадам бас, әрине басқа мектепте де саған оңай болмайды, дегенмен үйренесің. Ал, ата- анаң қарсы болады деген ол сенің ойың. Мүмкін олар сенің шешіміңді құптайтын шығар, қайткенмен де , бұл сенің өмірің ғой.
Керісінше олар мені құптайды, тек айтуға қорқамын анам маған 2 тоқсанда көшіп кет деді сосын бұл жерде жақсы мектеп жақсы үйретеді деген! Ал мен болсам қабылдай алмадым( енді айтуға қорқамын(
0 дауыс
Мамаңыздың мінезі қандай еді? Ол мектептен неге жалыққаныңызды түсінетін сияқтымын. Ауысқаныңыз дұрыс. Қазіргі мектептер мектеп болудан қалды. Ең дұрыс шешім ауысу. Мамаңызға қайткен күнде де, айтып ауысуыңыз керек. Басқа амал жоқ. Ондай мектептен мен де кетіп қалар едім.
0 дауыс
Дәл шындықты ата-анаңа айт келіседі
0 дауыс
Ашығын анаңа немесе әкеңе айт.Дұрыстап түсіндір, ата-ана баласының қамы үшін, басқа мектепке ауыстыратын шығар.
0 дауыс
ауыссан баска мектепте сены мугалымдер танымайды,баскаша бага кояды,жаксы окитынынды далелдегенше
0 дауыс
Анаңызға былай деңіз: "Анажан, менің мектепте жағдайым нашарлап барады. Басқа мектепке ауысуға көмектесіңізші".
0 дауыс
Айтпақшы осы мектеп маған алыстау және бәрі сатқын
0 дауыс
Қалауың білсін, көңілің ауған жаққа барып оқы, өзіңді қинамай.
...