0 дауыс
308 көрілді
Балаларды демалысқа, турсит ретінде өзіммен бірге алып кеткім келеді. Олар үшін қандай қосымша төлем жасалады?

1 жауап

0 дауыс

Балалардың жасына қарай қонақ үйлерде ұсынылатын жеңілдіктер әр қонақ үйде әртүрлі. Ол балалы туристерге арналған бөлмелердің жанында жақша ішінде көрсетіледі (+chd). Мысалы, егер баланың жасы 2-12 жас аралығында болса, 2 жасқа толған бала, және 12-ге әлі толмаған бала болуы тиіс. Егер 12 жасқа толғанына бір күн болса да қонақ үйде ол ересектер қатарына жатқызылатынына назар аударуларыңызды сұраймыз. Әуебилеттеріне жеңілдіктер тек 2 жасқа дейінгі балаларға ғана қарастырылған. Бұл жағдайда олар жеке дара орынсыз тасымалданады. Егер баланың 2 жасқа толғанына 1 күн ғана болса да әуекомпаниясы оны ересек ретінде қабылдайды. Қонақ үйге орналастыру және рейске қабылдау паспорт бойынша жүзеге асырылады (немесе оны алмастыратын құжат), жас жағы қатаң қадағаланады, сондықтан баланы өзіңізбен бірге алып жүрген кезде турды таңдауда мұқият болуыңызды сұраймыз.

...