0 дауыс
Тырысқақ деген не? Тырысқақ туралы ақпарат айтсаңыздар.
20.12.2014 1.8k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Тырысқақ – бұл Vibrio cholerae бактериясы арқылы туындайтын диарея түріндегі өткір ішек індеті. Жылына дүниежүзі бойынша 3-5 миллион жұқтыру жағдайының 100 000-ға жуығы өліммен аяқталады. Ауру еш белгісіз басталады, алайда ауыр жағдайлар да болып жатады. 20 аурудың бірінде (5 пайыз) сулы іш өтумен, құсумен және сіңір тартылу сипатындағы ауыр түрі кездеседі. Мұндай жағдай ағзаның сұйықтықты көп жоғалтуына және сандырақтауға әкеліп соқтырады. Ем қабылдамаса өлім бірер сағатта-ақ орын алуы мүмкін. 

20.12.2014
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы