0 дауыс
468 көрілді
Кемеде круиз кезінде туристердің көңіл көтеруіне қандай шаралар ұсынылады?

1 жауап

0 дауыс

Туристер уақыттарын өз қалауларымен, белсенді немесе күн былауын қабылдап өткізулеріне болады. Борттағы іш-шаралар интернационалдық анимациялық командалармен өтеді, және жолаушылар бұл бағдарламаға кез келген уақытта қатыса алады. Іс-шаралар кестесі туристер каютасында ілінетін күнделікті ақпараттық парақта жазылады. Бұл парақта кеме, аялдау порттары және круиз бағдарламалары туралы ақпарат жазылады.
Әр кеште кеме бортында жолаушыларға арналып шаралар өткізіледі, және әр кеште жаңа концерт, шоу немесе тосынсый жасалады. Кабаре, би көріністері және басқа да сахналық қойылымдар әр кеште негізгі кеме театрында қойылады. Туристер тыныш музыка ойнап тұрған барға (пианино, саксафон) немесе қонақтарға арналған бір ойынға қатыса алады. Барда сүйікті коктейльдерін ішіп, балдық бөлмедегі айнала билеп жүрген жұпты тамашалайды, ал қолайлы ауа-райы кезінде ашық аспан астында өздері де билей алады. Түнгі клубта –дискотекада диск жокейлер түні бойы билеуге арналған бағдарламасын ұсынады. Ұсынылатын барлық көңіл-көтеру шараларының тізімін Сіздің туристеріңіз «Сегодня на борту» арнайы газетінен таба алады. Круиз уақытында туристерге Капитанның қабылдауына қатысуды ұсынады, оларды түнгі галла-асында ғажайып тағамдармен таң қалдырады, кешкі астардың бірінде оларды даяшылар билеп ән салатын нағыз итальян мерекесіне қатысуға шақырады

Ұқсас сұрақтар

...