0 дауыс
358 көрілді
Кеме бортына орналасу қалай жүзеге асырылады? Қандай құжаттар қажет?

1 жауап

0 дауыс

Топ портқа автобуспен келеді және шығарып салушылармен (қарсы алушылармен) бірге жүкті өткізу пуктіне өтеді. Туристердің орналасу құжаттарында арнайы өздігінен жабысатын каюта номері белгіленген биркалар болады. Онда бірнеше жабыспалы баулар бар. Баудың түсіне көңіл аударыңыз. Асылында топтық баулар қызылмен белгіленеді. Бұл түс қызмет көрсетуші тұлғаға бірінші кезекте сол жүкпен айналысу қажеттігін білдіреді.
Туристер биркаларды бауларға жапсырады, өз кезегінде чемоданның құлағына орап байлап қалдырады (әуекомпанияларындағыдай) және жүкті жүк өткізу пуктіне қалдырады, кешірек оны каюта есігіне жеткізеді.
Бұдан әрі тіркеу залына өту қажет. Өз каютасының номерін қарай отырып туристтер каюта номерлері көрсетілген тұраққа тіркеледі. Тіркелу кезінде туристтер келесі құжаттарды ұсынады:

Шетелдік төлқұжат
Круиз билеті
Толтырылған анкета (орналасу үлгісі)
Қызмет көрсетушіге қолма-қол ақшамен немесе несие картасы арқылы төлейтіні жайында хабарлайды 

Қызмет көрсетуші туристке мыналарды береді:

Қонақ картасы (Costa card)
Шекаралық бақылауға баратын топтың номерін хабарлайды 
Бұдан әрі турист оның топтық номерін хабарлауды күтеді және барлығымен бірге шекара офицеріне барады.
Назар аударыңыз! Шекаралық бақылаудан өтпейінше бортқа орналасу мүмкін емес!

Шекара офицері визаларды тексереді және билетке тіркеу мөрін басады.
Турист кемеге өтеді. Кемеге орналасу да дәл осындай бақылау пункті арқылы кеме күзетшісімен жүзеге асырылады. Егер туристе қолға ұстайтын заттары болса, оны әуежайдағыдай рентген арқылы тексереді, турист металл тексергіштен өтеді. Бақылаудан өткен соң турист әкімші тұғырына келеді (reception) және паспортын өткізеді. Орнына турист паспортты өткізгенін растайтын арнайы бланк алады. Паспорт көшірмесін жасауды және кеме мөрін басуды ұсынамыз, мұндай көшірме полицияны, паспорт түпнұсқасының орнына қабылданады.

Назар аударыңыз! Паспортты өткізу Еуропа қоғамдастығына кірмейтін елдің барлық азаматтарына міндетті!
Әкімші тұрынтағында туристтерге кешкі костюмдерді жалға алуға, гастрономдық мейрамханадан орынға тапсырыс беруге көмектесетін Costa cruises-тің орыс тілді қызметкері тұрады.
Бұдан кейін турист өз каютасына бара алады, бортқа орналастыру осымен аяқталады. Туристтің каютаға кіруіне болады, бірақ паспортты міндетті түрде кеменің порттан қозғалуына дейін өткізу керек!!!

Назар аударыңыз! Кешіккен турист орналастыруға келмеген болып есептеледі және оның туры жойылады, әрі ол 100 пайыз төлемнен айырылады!!! Егер сіздің турист кешіккен жағдайда шығарып салушыларға (телефон, факс және т.б.) ескертуі немесе агенттікке хабарласып келесі портта кеменің келесі күні тоқтайтын портына қуып жететінін, сол жақтан портқа ұшып жететіні жайлы ескертіп айтуын сұрауы тиіс. Олай болмағанда круиз әкімшісі бос каютаны іске асыруды өз құқығына қалдырады. Жолға шығатын әр портта және барлық бағыттағы порттарда Коста Круизес компаниясының өкілдіктері немесе уәкілетті агенттігі бар. Жолаушы Коста Круизес өкілдігіне барып көмек сұрай алады. Кешіккендер мен қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету ресми түрде өкілдік және агенттік қызметкерлерінің міндеті жатпайды, алайда ереже бойынша жолаушыға кез келген көлемде көмек көрсетілетінін тәжірибе көрсетіп те жүр, ақшамен көмектеседі, билеттерді сатып алуды ұйымдастырады, егер маршрут күрделі болса шығарып салушыларды да береді. Алайда барлық туристтерге шығарып салған жағдайда билеттерді сатып алу және басқа қызметтерге өкілдіктің барлық шығындарын төлеуге тура келетінін хабарлауыңызды сұраймыз.

...