0 дауыс
262 көрілді
Круиз кемесінде қандай валюта қолданылады? Айырбастау пункттері бар ма? Кеме бортындағы тауарлар мен қызметтерге қалай және немен төлейді?

1 жауап

0 дауыс

Кеме бортында шетел валютасын айырбастау қызметі шектелген. Біз туристтерге жергілікті валютаны қажетінше тоқтау бекетінде өзге елдің валютасына айырбастап алуына кеңес береміз. Оларға өздерімен жағада қолма-қол ақша алулары үшін ұсақ номиналдармен жол чектерін алуды ұсынамыз. Барлық кемелердің бортында банкоматтар бар. Өкінішке орай, бортта несие картасынан қолма-қол ақша алу қызметі көрсетілмейді, және жеке чектер де қабылданбайды. Жол чектерін әкімші тұрынтағында қолма-қол ақшаға айырбастауға болады.
Форта Лаудердейл круиздері (АҚШ). Бұл круиздарда төлем ретінде АҚШ долларының баламасы қолданылады. Аялдау порттары үшін осы круиздарда біз АҚШ долларын немесе АҚШ долларындағы жол чектерінің ұсақ номиналдарын алып жүруге кеңес береміз.
Халықаралық, Трансатлантикалық круиздер және Гваделупе круиздері. Борттағы валюта бірлігі ретінде евроның баламасы пайдаланылады. Круиз аялдама порттарында жергілікті валютаның аздаған сомасы немесе ұсақ номиналдық жол чектерін пайдалану ұсынылады. 
Еуропа бойынша круиз жасау кезінде CCL кемелерінің бортында барлық бағалар еуромен көрсетілген. Кеме бортында қолма-қол ақшалар жүрмейді! Барлық есептер арнайы Costa Card (Коста Карт) арнайы карточкасы арқылы жүзеге асырылады, ол кемеге кіру құжаты және кеменің мөрімен таңбаланған түрі, паспорт көшірмесі круиз кезінде жеке куәліктің орнына жүреді. Карточкада кеме бортында туристтің жұмсаған барлық сомасы жазылған магниттік бау бар. Осыған орай, барлық круиздік лайнерлерге қолма қол ақшасыз төлем жүреді, сондықтан туристерге жеке есеп ашылып, барлық шығын сонда жазылады. Бұл есеп шотты ашу үшін қолма қол ақша депозиті немесе несие карточкасы түріндегі кепілдік талап етіледі. Қолма-қол ақша депозитінің үлкендігі апталық круиз үшін – 200 $.
Назар аударыңыз!!! Өз клиентіңізге несие карточкасы арқылы төлем жүргізген кезде бірнеше (әртүрлі) несие карточкасын қолдануға болмайтынын ескертіңіз!!! Бұл дегеніміз егер оның екі немесе одан да көп карточкасы болатын болса, және ол әрқайсысымен төлем жасаған жағдайда, жұмсалған соманы әр карточкадан алып қайтару үдерісі аз дегенде жарты жылға созылуы мүмкін. Сауда жасаған кезде немесе қызметке төлеген кездегі барлық есептерді алып кетуді ұсынамыз, ол туристтің қанша шығын кеткенін нақты біледі және өз қолындағы қаражат сомасын көтермейді. Есептер сонымен бірге круиз әкімшісімен дауласқан жағдайда, қате төлем жасалған кезде көмектеседі.
Қолма-қол еуро тек ойынхана аумағында ғана қабылданады. Әкімші тұғыртағында туристер валюта айырбастай алады. Бортта сонымен бірге несие картасынан қолма-қол ақша алуға арналған банкоматтар бар (банк операция жүргізгені үшін 5 еуро ұстайды).

...