0 дауыс
355 көрілді
Сапар барысында ауырып қалсам, маған кім көмектесе алады?

3 жауап

0 дауыс

Ол немен және қалай ауырғаныңызға қарай. Егер сіз тұмаудың жеңіл түрін жұқтырып алсаңыз немесе қолыңызды кесіп алсаңыз, қан қысымыңыз жоғарылап кетсе және т.б., тез арада топ жетекшісіне көмекке жүгініңіз. Топ жетекшісінде міндетті түрде бірінші медициналық жәрдем көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер, құралдар болуы тиіс, сол арқылы сіз душар болған мәселені шешуге болады. Егер мұндай жағдай сіздің жеке сапарыңыз барысында туындаса, алдымен сіз тоқтаған қонақ үйдің қызметкерлеріне, егер ол көмектеспесе – тараптарды қабылдау өкілдеріне жүгініңіз. Олар сізге қажетті көмекті көрсетуге міндетті. Егер сіз өзіңіздің қандайда бір аурумен (астма, қан тамырлары қысымы және т.б.) ауыратыныңызды алдын ала білсеңіз, қажетті дәрі-дәрмектеріңіздің тиісті мөлшерімен сапар алдында қамданып алғаныңыз абзал. Әлде қайда күрделі жағдайларға – аяқ-қолды сындырып алу, қан тоқтамау, басқа да ауыр жарақаттар - келетін болсақ, ондай жағдайда медициналық сақтандыру құжатыңызда не көрсетілгеніне қарамастан, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек, себебі сіздің денсаулығыңызға ғана емес, өміріңізге қауіп төнуі мүмкін. Егер болған жағдай Сіздің сақтандырушы компанияңыздың тарапынан бірнеше сағат ішінде көмек күтуге мүмкіндік берсе, ондай солай істеген дұрс. Сақтандыру келісімшарттарының басым көпшілігінің негізгі талаптары бойынша, сақтандыру жағдайы жөнінде сақтандырушы компанияны құлағдар етіп, содан кейін ғана басқа көмекке жүгіну немесе сақтандырушы компания жіберген көмекті күту керек екенін естен шығармағаныңыз жөн.

0 дауыс
Ажалың келсе өлесің.
0 дауыс
Қасыңа бірге адамдар алып шық және дәрілерді де.
...