0 дауыс
355 көрілді
Егер мен күтпеген оқиғаға тап болып және одан сақтандырылмаған болсам не істеуім керек?

1 жауап

0 дауыс

Ондай жағдайдың мүлде болмағаны жақсы. Дегенмен, сондай жайтқа тап бола қалсаңыз, дәрі-дәрмектерге, дәрігер қызметіне, ауруханаға жеткізуге және Отанына оралту үшін жұмсалатын шығындарының бәрі тек өз мойныңызға жүктеледі. Әлемнің барлық елдерінде бірдей медицина қызметі тегін емес, кей елдерде тек өз азаматтары үшін тегін бола отырып, шетелдік азаматтар үшін ақылы болып табылады. Сондықтан шетелге сапарға шықпас бұрын кем дегенде 20 000 АҚШ доллары көлемнде шығынды жабатын сақтандыру полисін иемденгеніңіз жөн, кей жағдайда алыс шетелге (АҚШ, Австрия, Азия) баратын болсаңыз оның 50 000 АҚШ долларына дейін өсіп кетуі мүмкін (қажет болған жағдайда қауіпсіз жерге көшіру немесе репартация шығынын қоса есептегенде). Біз сондай-ақ турдың болуынан бас тарту тәуекелінен, сапар барысында жүгіңіздің жоғалуы/ұрлануынан (үшінші тараптардың кесірінен жүгіңіз жоғалған, кешіктірілген немесе бүлінген жағдайда) өз-өзіңізді сақтандыруға кеңес береміз. Медициналық сақтандыру полисінің болуы талабын туристік визаны рәсімдеудің негізгі шарты ретінде елшіліктер мен консулдықтардың басым көпшілігі қояды. Сақтандыру полистерінің кез келген түрін арнайы сақтандыру компанияларында ала аласыз немесе ол міндетті өз қалауыңызбен туристік компанияға жүктеуге болады. Сақтандыру полисін туристік компаниядан тыс жердерәсімдейтін болсаңыз, сапардың қандай түрі бойынша жол жүретініңізді көрсетуге ұмытпаңыз (әсіресе ол адам денсаулығы мен өміріне қандайда бір қауп бар сапардың біріктірілген, таулы бағыттағы, парашютпен секіру, дельтапланмен/парапланмен ұшу және басқа белсенділігі жоғары түрлері болса). Сақтандыру шығыны ешқашан сапардың жалпы құнына кірмейтіндігін және өзіңіз таңдаған тәуекелдер факторларына қарай өзіңіз таңдаған шығындар көлемі бойынша жеке төленетіндігін есте сақтаңыз. Үлгілік сақтандыру полисі аса қымбат тұрмайды, дегенмен көптеген қиындықтардан аман-есен айналып өтуге көмектеседі деген ниеттеміз. Жолыңыз болсын!

...