0 дауыс
MIBEXPO Russia жобасы туралы ақпарат берсеңіздер?
20.12.2014 311 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Мәскеу қаласында 2005 жылдан бері MIBEXPO Russia – Ресей, ТМД елдері мен Шығыс Еуропадағы ірі іскерлік туризм мен кездесу индустриясы көрмесі/конференциясы өз жұмысын сәтті жалғастырып келеді. Бұл «Еуроэкспо» мен ВТТА көрме компанияларының, сондай-ақ басқа да жобалық құрылымдарды қолдаушылар мен БАҚ-тардың эволюциялық және бірегей жобасы болып табылады. Ол қоғамға аса қажет көрмелер экспозициясы мен білім беру конференциясын қатар ұсынады. Конференция тұжырымдамасы ресейлік және шетелдік іскерлік туризм мен кездесулер индустриясы нарығын түбегейлі әрі кәсіби зерттеу мен сараптау нәтижесінде туындады. Конференция ұйымдастырушылары ең маңызды жорамалды назарға алған – кездесулерді басқару мен оның менеджментіне деген кәсіби қызмет ретінде көзқарас қалыптастыру. Аталмыш жоба тұжырымдамасының басты құраушысы – тәжірибе мен білім берудің синтезі.

20.12.2014

Ұқсас сұрақтар

127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы