0 дауыс
1.2k көрілді
Байқоңыр кешені несімен көрікті?

1 жауап

0 дауыс

Байқоңыр ғарыш алаңы қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талған Аманкелдіұлы Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994 ж, 1998 ж) болды.

Ұқсас сұрақтар

...